Абдумажит Шарипұлы Дулятов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абдумажит Шарипұлы Дулятов (31.3.1949 жылы туған, Алматы облысы Шелек ауданы Байсейіт ауылы) - ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1982). ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген (1971). 1971 - 74 ж. ауыл мектебінде мұғалім, 1974 - 80 жылы "Коммунизм туғи" (қазіргі "Ұйғыр авази") газетінде корректор, тілші, бөлім меңгерушісі, 1980 - 82 жылы "Жазушы" баспасында редактор болды. 1984 жылдан бері "Коммунизм туғи" газеті бас редакторының орынбасары. "Мен жиырмадамын" (1973), "Көктемнің қайтып оралуы" (1977), "Адамға махаббат" (1980), "Туған жердің жыры" (1986), "Қанатты ойлар" (1986), "Ақ таңдар" (1990) атты өлеңдер жинақтары шыққан. Орыс тілінде Мәскеуден шыққан "Ветвы чинары" (1980), "Истоки" (1984) жинақтарына өлеңдері енді. 1992 жылы Ұйғыр ауданы тағайындаған Илья Бахтия атындағы сыйлық лауреаты атанды. 1993 жылы Алматы қаласында өткен түркі поэзиясы мүшәйрасының жеңімпазы.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}