Абдулла Өтепбергенұлы Ермағанбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Абдулла Өтепбергенұлы Ермағанбетов (13 сәуір, 1950 жылы Түрікменстанда туған) — көлік жүргізушісі. Қазақстан Мұнай Өнеркәсібінің Үздігі. Мұнайшылар транспротының ардагері. Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік марапаты «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері.

Толығырақ

  • Абдулла Өтепбергенұлы 1950 жылы 13 сәуірде Түрікменстанда дүниеге келген.
  • 1960 жылдың басында туған жері атамкені Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына қоныс аударған.
  • 1969 жылы Қазақстан мұнай өнеркәсібінің технологиялық транспорт басқармасына автобус жүргізушісі болып еңбек жолын бастаған.
  • 1969 жылдан – 2013 жылға дейін Қазақстан мұнайөнеркәсібінің алып қоры Өзенмұнайгаз мұнай компаниясында 45 жылға жуық ерен еңбек етті.
  • Абдулла Өтепбергенұлының таңсәріден автобусын от алдырып, Өзен орындарына күнделікті жұмысқа баратын мұнайшыларды керекті нысанына дейін тасымалдау оның 45 жылдан аса уақыттан бергі жемісті жұмысы.

Марапаттары

  • 2010 жылдың 7 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан мұнай өнеркәсібінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқаны үшін еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты «Ерен еңбегі үшін медалі» мен марапатталды.
  • «Қазақстан мұнайына 100 жыл» алтын медалінің иегері
  • «Өзенмұнайгаз» АҚ және қала әкімінің т.б мекемелердің құрмет грамоталарымен алғыс хаттарымен марапатталған.

Отбасы

  • Абдулла Өтепбергенұлының Әкесі: Ермағанбетов Өтепберген (Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан мал дәрігерлегі ісінің үздігі); Анасы: Ермағанбетова Балзия (көпбалалы батыр ана);
  • Абдулла Өтепбергенұлының жары: Ермағанбетова Збираш Аманжанқызымен үш қыз, бір ер баласы бар. 8 жиені, 4 немересі бар.