Абдолла Хан I

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Абдолла Хан, Абдоллах І хан, Абдоллах сұлтан Түркістани (16 ғ.) – Бұхар (Мауераннахр) билеушісі (1541). Таққа Ұбайдолла хан (1534 – 40) өлген соң отырған. Шайбани әулетінен тараған. Атасы Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақта, әкесі Көшкінші хан (1510 – 30/31), ағасы Әбу Сайд хан (1531 – 33/34), інісі Абд әл-Латиф хан (1541 – 51) Мауераннахрда билік құрған. Абдоллах хан 16 ғасырдың 10-жылдарында Түркістан қағанатының билеушісі болды. 1517 ж. Түркістанға жорық жасаған қырғыз Мұхаммед әскерімен ұрыста жеңіліп, қолға түсті. Мұхаммед оны босатып жіберді. Абдоллах ханнан ұрпақ қалмаған. .<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub Үлгі:Wikify