Абай (әдеби журнал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абай», 1918 ж. Мұхтар Әуезов негізін салған (Ж. Аймауытовпен бірге) әдеби журнал. С. Шикібаев ұйымдастырған «Уақ қарыз серіктестігінің» демеуімен 12 саны жарық көрген. Сол кездегі солақай, әсіреқызыл идеологияның салдарынан «ұлтшыл» деген айып тағылып, журнал бір жылға толмай жабылып кал­ған. Журнал Алаш партиясының ұлттық бағдарын нысана етіп, қазақ елін прогреске тартуды, ғылым мен білімді насихаттауды, жастардың саяси-қоғамдық белсенділігін арттыруды көздеді. Мұхтар Әуезовтің жазушылық қызметі осы журналда істеп жүрген кезде айқындапа бастады. Мұхтар Әуезов «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» атты мақаласында бұл журнал кезінде «әдебиеттің беті өзгермесе де, түрі көбейе» бастағанын, «қазақ тілінде пьесалар, әңгімелер» көптеп жазылғанын, «аз уақыт шығып тұрса да, ғылыми, әдеби журнал болып, «Абай» журналы азын-аулақ түр шығарды» деп, басылымның жақсы қызмет атқарғанын атап керсеткен. Оның, барлық санында дерлік ұлы қаламгердің еліміздің тағдыр-талайын, болашақтағы бағдарын сөз еткен бірнеше материалдары басылды. Солардың ішінде: «Ғылым», «Буд­да», «Абайдың өнері һәм қызметі», «Қазақ ішіндегі партия неден?», «Мәдениетке қай кәсіп жуық?», «Философия жайынан», «Абайдан соңғы ақындар», «Екеу», «Жапония», «Бірінші жалпы жастар съезі», «Жастар ұйымдарына ашық хат», «Ғылым тілі», «Қазақ әйелі», «Мәдениет һәм ұлт», «Земство һәм кооператив қауымдары», «Оқу ісі» деген мақалапары тек өз атымен берілсе, ел ішінен жинаған немесе авторсыз жарық көргендерінің өзі бір жосын. Ұлы Абайдың әлемдік деңгейде атапып еткен 150 жыпдық тойы қарсаңында «Абай» журналы қайтадан шықты. Бастапқы кезде екі жарым жыл бойы «Парыз» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен жарық көрді. 1994 ж. журналға республикалық мәртебе беріліп, республикалық бюджетке алынды. Бұл басылым да ұлы ақынның мұрасын насихаттауға, халқымыздың тарихы мен тағдырына байланысты материалдарға айрықша назар салады. Осы орайда «Әуезов әлемінен» деген айдар ашып, кемеңгер Мұхтар Әуезовтың өмірі, туып-ескен ортасы, шығармашылық жолы, артына калдырған баға жетпес қазынасы турапы мақалалар, зерттеу еңбектер, естеліктер, керкем жариялауды жолға қойды. Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық тойы қарсаңында 208 беттік арнайы мерекелік нөмір шығарылды. Ол тұтастай ұлы Мұхтар Әуезовтың қилы-қиян тағдыры мен шығармашылығын езек етті. Журналдың бас редакторы Р. Мұсаұлы.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абай (әдеби журнал)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}