Абай (кинодрама)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абай», жазушының кинодрамасы. Қолжазба жазушы мұрағатында сақтаулы (№141-папка), араб әрпімен жазылған, көлемі 53 бет. Алғаш рет Мұхтар Әуезовтың 20 томдық шығармалар жинағының 11-кітабында жарық көрді (1982), орысша нұсқасы (1943) жазушы мұрағатында сақтаулы. Кинодрамалық тақырыбы мен негізгі ой желісі кейіпкерлер құрамы «Абай» трагедиясына сәйкес келсе де, біршама эпизодтық көріністер мен кейбір кейіпкерлер басқаша аталған. Мысалы, Әлизаде, Баймағамбет оқиғасы немесе найман, керей арасындағы жер дауы т.б. ахуалдар. «Абай» пьесасындағы Долгов - Долгополов, Әзімхан - Арғыман, Әйгерім - Еркежан болып өзгертілсе, Әлизаде, Самойлов, Жортар, Орман, Тайқар, Қартбай сияқты тың кейіпкерлер ендірілген. Ал нeгiзгi кейіпкерлері сол күйде қалған. Кинодраманың басты оқиғасы - Абай ақындығының айналасы. Жазушы бұл ойын 1934 ж. баспасөзде көтеріп, 1943 ж. ҚазПИ-де хабарлаған («Жетісу», 1978, 13 қазан), ал 1944 ж. «Абайдың әдеби мектебі туралы» баяндамасында сипаттап айтқан. Негізгі ой жүйесі Абайдың ақындық шәкірттерінің шығармашылық қызметінің қалыптасуына, олардың өнер жолындағы күресіне тіреліп отырады. Бұл ecipece Әбіш пен Шәріп арасында айқын сезіледі. Абай өзінің жаңа бағыттағы ақындық дәстүрін жалғастыруды Айдарға, соңы ақындық жолын қорғауды Kepiмгe тапсыруы өмірден алынған шындықтан елес береді. Шығармада билер cөзi толық берілмеген. Бірақ оқиға «Абай» пьесасындағыдай Айдардың уланып мерт болуымен аяқталады. Kepiмді жұрттың талқысына береді, оны сүйретіп алып кетеді. Ал кейбір көpiнicтepдeгі ауытқулар, диалогтағы өзгертулер кинофильмнің талабына байланысты жасалған. Мұхтар Әуезовтың «Абай» атты әдеби сценарийімен көп жағдайда үндес шығып отырады.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абай (кинодрама)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}