Абай — қазақтың ұлы ақыны (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абай - қазақтың ұлы ақыны», Мұхтар Әуезовтің туындысы (Б. Кенжөбаевпен бірге). Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты 1945 ж. жарық көрген. Кепшілік оқырманға арналып жазылған кітапша іштей бес тарауға бөлінген. Алғашқы тарау кіріспе іспеттес. Мұнда «қазақ халқының ұлы ақыны, ақыл-ойшы ұлы, кемеңгері ұлы Абайдың» еліміз үшін несімен қадірлі екендігіне тоқталады. Қалғантарауларда ақынның өмір сүрген заманы, өмір жолы, шығармашылық мектебі, поэзиясының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері, әкелген жаңалықтары, сөз өнеріне қойған биік талаптары, т. б. хақында сындарлы сөз болады. Кітапша «Абай халқының асыл азаматы болғандықтан, мәңгі өлмейді» деген жолдармен аяқтапады. «Абай қазақтың жаңа әдебиетін мағынасы терең, тілі орамды, өрнегі шебер, кестесі көркем әдебиетін жасады; шын мағынасында өлең өнерін жасады... Абай өз халқын мейлінше сүйді... Абай халқының шын ұлы. Ол өмір бойы халқының қайғы-шерін жазып, мерейін көтеру жолында қызмет етті. Халқына тек ез түсында ғана қызмет етіп койған жоқ ол өзінің жаркын бейнесімен, асыл сөздерімен бүгін де қызмет етіп отыр» деген ой-иірімдері Абайдың қазақ әдебиетіндегі тарихи орнын дәл көрсетіп тұр.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абай — қазақтың ұлы ақыны (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}