Абай қорығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін
Сурет:Абай пайдаланған заттар.jpg
Абай пайдаланған заттар

«Жиделі-Бөрібай» Абайдың тарихи-мәдени және мемориалдық мемлекеттік қорық-мұражайы — Семей қаласында орналасқан.

Абай туғанына 95 жыл толу мерекесінің қарсаңында Қаз ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1940 жылғы 1 сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылып, сол жылы қазан айының 16-күні мереке үстінде ашылды. Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай болып табылады.

Оның негізгі қорын 1885 жылы Абай өлкетану мұражайына тапсырған заттар құрайды. Аталмыш заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы.

Алғашқы жылдар мұражай, ақын Семейге келгенде ат басын тіреп түсіп жүрген Бекбай Байысов пен Әнияр Молдабаевтың үйлеріне орналасқан болатын. 1967 жылдан бастап мұражай көпес Ершовтың (Ленин көшесі, 12) үйіне орын тепті.

1990 жылғы 5 сәуірдегі № 141 Қаз ССР Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша ақынның әдеби-мемориалдық мұражайы Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы болып құрылды.

Қорық-мұражайдың құрамына қалалық кешен, Жидебайдағы Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай-үйі, Бөрілідегі М.Әуезовтің мұражай-үйі, қорық аймағына кіретін 16 тарихи орындар, Абай ауданы Құндызды ауылындағы халық ақыны Шәкір Әбенұлының мұражай-үйі, Мақаншыдағы Әсет Найманбайұлының мұражайы және Жидебайдағы «Шаһкәрім. Саят қора» экспозициясы кіреді.

Қалалық кешенге Ленин көшесі, 12 үйде орналасқан көпес Роман Ершовтың үйі, 1995 жылы салынған жаңа ғимарат, 1993 жылы кешен аймағына көшірілген Ахмет Риза медресесі мен мешіті, мұражайдың әкімшілік үйі, сонымен бірге Бөгенбай батыр көшесі, 132 үйде орналасқан «Алаш арыстары — М.Әуезов» мұражайы кіреді.

Мұражайдың қор құрамы — 20 мың, оның он мыңнан астамы негізгі қорда.

Мұражайда әкімшілік, ғылыми қор, ғылыми-зерттеу, ғылыми насихат, ғылыми-техникалық, шаруашылық бөлімдері қызмет атқарады.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}