Абай қаласының орталық кітапханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тарихы

Қалалық кітапханалар қазіргі заманғы мәдени-ақпараттық және ағартушылық орталық болып табылады. Абай қаласы кітапханаларының тарихы 50-жылдардағы Шерубайнұра кентіндегі кішкентай кітапханадан бастау алады. Көп жылдар бойы ардагер-кітапханашылар В.Н. Ильтекова, Л.М. Кутаева, С.С. Куличкина, С.А. Мұхамедиярова, З.П. Нестеренко, Р.А. Баймұрзина, Е.З. Богдалова, Р.Т. Әділбекова, В.Б. Шайкина, Л.В. Черняева, А.И. Бретышева, Т.И. Бажалюк, Е.Н. Дорофеева, С.Х. Ахметова, И.В. Амент, М.И. Қалиева ағартушылық саласында қызмет етті. Өз кәсібіне адал осы жандар сүйікті істеріне жиырма жылдан астам еңбегін арнады, қала халқына кітапхана қызметін көрсетудің бастауында тұрды. Қалалық кітапхана директоры, кейіннен кітапхана жүйесінің директоры болып Н.В. Вдовиченко, Л.К. Тұрлыбекова (1979-1985) адал еңбек етті. 1985 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Н.С. Филипенко кітапхана жүйесінің директоры болып жұмыс істейді, ол «Жылдың таңдаулы кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына ие болды. Бүгінде қала кітапханаларында өз ісінің мамандары: Р.Е. Кидрасова, М.С. Шәріпова, Л. М. Царева, О.А. Боярова, Н.Т. Жидкова, Н.Л. Малышева, Ш.Қ. Сұлтанбекова, Е.К.Показеева, Р.М. Айтжанова, С.А. Сүлейменова, С.Р. Әбішева, Л.И. Гаврилова, И.С. Жукова еңбек етеді. Кітапханаға қайталанбайтын эстетикалық көрік беруде суретші Р.Х. Кидрасовтың еңбегі өлшеусіз. Қаланың барлық кітапханасы компьютерлендіріліп, интернет желісіне қосылған. Балалар кітапханасында Интернет-сектор ашылған. Орталық кітапханада «Электрондық үкімет» сайтына қоғамдық қолжетімділік пункті жұмыс істейді. «Заң» электрондық деректер базасы бар құқықты орталық құрылды. Жыл сайын кітапхананың кітап қоры толықтырылып отырады, оны 8000 адам пайдаланады. Кітапханалар «Қазақ тілі мен мәдениеті – мемлекеттігіміздің негізі», «Жастар әлемі», «Келісім: рухани ізденіс», «Кітапхана – құқықтық ақпарат орталығы», «Мәдени мұра»,«Оқу», «Оқушылар қызығушылығы бойынша кітаптар» және басқа нысаналы бағдарламалар мен жобалар бойынша жұмыс істейді. Орталық кітапханада қызығушылық бойынша «Үміт» клубы ұйымдастырылған. Оның мақсаты – қазақ әдебиеті мен ұлттық мәдениетті насихаттау.

Кітапхананық гуманитарлық миссиясын орындауға бағытталған «Милосердие» және «Ардагер» бағдарламалары аға ұрпақтың қызығушылығын қанағаттандыруға арналған. Жастардың бастамасы бойынша қаланың шығармашылық жастарының басын қосатын «СТИХиЯ» әдеби-музыкалық бірлестігі ұйымдастырылды.

Модельдік балалар кітапханасы «Компьютер открывает мир», «Тілашар», «Солнышко», «Детство с книгой», «Золотой ключик к знаниям» нысаналы жобалары бойынша жұмыс істейді. Кітапханада «Паутинка» интернет-клубы жұмыс істейді.

Абай қаласының кітапханасы жұмыс істеген уақыттан бері ұрпақтар сабақтастығының жібін үзбей, оқырмандардың бірнеше ұрпағы ауысты. Көрнекті ғалым Д.С. Лихачев: «Кітап – адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі. Сондықтан да, әлдекімге бұл оғаш болып көрінсе де, кез келген елдің мәдениетіндегі ең басты нәрсе – кітапхана» деген екен.
abay-cbs.kz

Әдебиеттер

"Абай қаласы. Мы в городе славном живем...". - Астана: Фолиант, 2011 Рахимбекова, Н Кітап көрмесі ұйымдастырылды //Абай-ақиқат. – 2013. – 30 наурыз (№14).-Б.7 Рахимбекова, Н Көрмеде Астана көркі көрсетілді (Астана – 15 жыл) // Абай-ақиқат. – 2013. – 29 маусым (№26).-Б.4 Рахимбекова, Н. Ұлы кемеңгердің өлендері оқылды (Тағзым) //Абай-ақиқат. – 2012. – 18 тамыз (31№) .-б.4 Сұлтанбекова, Ш.Қ. Кітап – өркендеудің нышаны (Руханият) //Абай-ақиқат. – 2012. – 8 қыркүйек (№31) .-б.6 . Әбішева, С.Р. «Кітапхана арқылы болашаққа» //Абай-ақиқат. – 2012. – 22 қыркүйек (№36) .-б.6 Сыздықова, А. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы //Абай-ақиқат. – 2012. – 30 қараша (№46) . -С.4