Абай Құнанбаев (150 жылдық мерейтойына)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абай Құнанбаев», Мұхтар Әуезовтің ғылыми еңбектерінің жинағы. Абайдың 150 жылдық мерейтойына бай­ланысты «Санат» баспасынан 1995 ж. жарық көрген. Кітап екі бөлімнен тұрады. «Монографиялық зерттеу» атты алғашқы бөлімге Мұхтар Әуезовтың Абай тура­лы ғылыми зерттеулері енген. Бұларда ұлы ақынның туып-өскен жері, балалық-жастық шағы, ақындық ортасы, шеберлігі, елеуметтіқ саяси, қоғамдық, діни, дүниеге көзқарасы, балалары Ақылбай мен Мағауияга әдеби тағылымы, өзінен кейінгі қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы жан-жақты әрі тереңбаяндалған. Екінші бөлімдегі: «Абайдың акындық айналасы», «Абай жайын зерттеушілерге», «Орыс классиктері мен Абай», «Абай еңбектерінің биік нысанасы», «Абай мұрасы жайында», «Себит Мукановтың «Абай Құнанбаев» атты монографиясы туралы», «Әбіш Жиреншиннің «Абай Құнанбаев» деген кітабы туралы пікір», «Көкбайдың ақындығы» дейтін мақалаларында Мұхтар Әуезов Абай шығармаларының өз көзіндегі және одан кейінгі қаламгерлерге қаншалықты зор әсер еткені, сондай-ақ Абай сынды сөз алыбын байыппен, уқыпты, бура тартпай, жете зерттеу, оның шәкірті Көкбай Жаңатайұлының өмірі мен шығармагерлігі, абайтануға қоскан үлесі тура­лы сөз етеді. Жинақ Мұхтар Әуезовтің «Абай Құнанбаев» (1967), «Жиырма томдық шығармалар жинағы» (1979-85), «Абайтанудан жарияланбаған материаддар» (1988) атты басылымдары негізінде әзірленген. Қурастырған Н. Акбаев. Кітап студенттер мен көпшілік оқырмандарға арнапған. Келемі 17 баспа табақ, таралы­мы 12 мың дана.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абай Құнанбаев (150 жылдық мерейтойына)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}