Абай шығармашылығы (мақала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абай шығармашылығы» («Творчество Абая» ) , Мұхтар Әуезовтың мақаласы. Бұрынғы Семей облыстық «Прииртышская правда» газетінің 1945 жылы 15 тамыздағы санында жарияланған. Абайдың туғанына 100 жыл толуына арналған беттегі бұл көлемді мақалада ақын шығармашылығы жан-жақты, терең талданған. Ұлы ақынның әдеби мұрасын ол сусындаған «ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениеттің үш ұлы қайнары»:

  • «көне қазақ әдебиеті»
  • «шығыс мәдениетінің озық үлгілері
  • араб-иран және түркі классикалық поэзиясы»
  • «орыс (осы арқылы еуропа) мәдениеті» мысалында қарастырады.

Абайдың осы уш рухани қайнарды меңгере отырып, өзінің талант қуатын еш кемітпей, өз шығармашылығының сапалық жағын әлсіретпегендігін, «кең тынысты» суреткер ретінде жаңа мәдениетті өз қәжетіне шебер пайдаланып, кәдеге асырғанын, осы арқылы қазақ мәдениетінің рухани әлемін байытып, көп пайда тапқанын әсерлі әңгімелейді. Ұлы ақын поэзиясының ауыз әдебиетінен мүлдем өзгеше сарында өрбіп, сөздік қоры, образдар жүйесі, стилистикалық әдістер көркемдік жағынан жаңа ой иірімдерімен терең де жаңа көркем мағынаға ие болғанын, Үлгі:Start citation «Қазақ әдебиетінде үй-іші, ата-аналық парыз бен жас ұрпақты тәрбиелеуге және ең бастысы, әйел мәселесіне жаңаша көзқарас алғаш рет нақты да жоғары моральдық тұрғыда айтылғаны» Үлгі:End citation ерекше аталады. Абай поэзиясының еңбек, табиғат тақырыптарын ашудағы жаңашылдығы, оқу-білімге шақырған азаматтық үні мақаланың өн бойынан аңғарылады. Абайдың шығыс поэзиясымен байланысы жан-жақты айтылып, оның ақындық мұрасында көне шығыс классикалық поэзиясының озық дәстүрлерінен ғана үлгі алғандығын, Үлгі:Start citation «араб-мұсылман шығысы Абай шығармашылығына жеке іріктеліп алынған бөліктерімен кіргендігін» Үлгі:End citation баян етеді. Абайдың орыс әдебиеті арқылы еуропа мәдениетіне бой ұруы күрделі де соны және сан алуан болғандығын сөз етіп, оның А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов шығармашылығын игерудегі аудармашылық өнерінің шеберлік тұстарына тоқталады. Абай сатирасының М.Салтыков-Щедринге көркемдік және саяси жағынан да жақын екендігін айта келіп, Үлгі:Start citation «Абай өз поэзиясының бүкіл мазмұнымен өз кезінің үкіметтік құрылымын жоққа шығарды, сол себепті де оның үкіметке қарсылық білдірген орыс классиктеріне көңілінің Шәміл мен Кенесарыға ықыласымен терең байланысы бар» Үлгі:End citation деп түйеді. Абайдың талантты да өзіндік ерекшелігі бар композитор болғанына назар аударылып, музыкада да жаңашылдығымен танылғандығын атап өтеді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абай шығармашылығы (мақала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}