Абай сөзі дейді (пікір)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абай сөзі дейді, Мұхтар Әуезотің Абай өлеңінің ауызша таралуы туралы пікірі. Әуезов мұндай өлеңдерге бұрыннан-ақ жіті көңіл бөліп, назар аударып отырған. Абайдың жылы белгісіз «Ойландың да толғандың» өлеңінің ауызша нұсқасын Әуезов Алматы тұрғыны Бекжан Төреден жазып алған. Одан кейін ауызша таралып жүрген «Ойландым да құрғалдым» деген 10 жол өлең Әуезовті ойға қалдырған. Ол бұл екі өлеңнің текстологиялық өзгерістеріне зер салып, табиғатына үңіледі. Сөйтіп бұл өлең Абай шығармаларының 1945 жылғы басылымдарына «Соңғы жылдарда табылған өлеңдер» деген айдармен «Ойға түстім, толғандым» деп беріледі. Бұл өлең «Мұхтар Әуезовтің қолжазба мұрасында» сипатталып (605-бет), «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» жинағында бірінші рет жарияланған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абай сөзі дейді (пікір)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}