Абай мұздығы (Жетісу)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Otheruses Үлгі:Мұздық Абай мұздығыЖетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі Үлкен Басқан өзені алабында, Өсек өзенінің басталу кезеңінде орналасқан мұздық. 1947 жылы Абай Құнанбаев есімі берілді. Алғаш рет бұл мұздық туралы қысқаша ғылыми сипаттама 1913 жылы М.Ф. Войшвило кітабында жазылған. 1947 жылдан бері Абай мұздығын зерттеумен Қазақстан ғылым академиясының География институты айналысады.

Аумағы

Ұзындығы 7,5 км (морена басқан бөлігін қосқанда 8,5 км). Аумағы 10,2 км2, ашық жерінің аумағы 8,9 км2, орташа қалыңдығы 100 м. Кейінгі 25 жыл ішінде мұздық аумағы 3,0 км-ге (ашық жері 2,3 км2-ге) кішірейген.

Жер бедері

Үстіңгі беті бедерлі, жарықшақты болып келеді. Фирн межесі 3720 м биіктікте. Мұздықтың үстіңгі ұшы 4511 м, төменгі шеті 3060 м биіктікте жатыр. Мұздықтан еріген су төменгі морена бөгелуінен пайда болған көлге құяды.<ref name="s2"/><ref name=s2>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер