Абай мерейтойы туралы (мақала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Auesov.jpg
Мұхтар Әуезов, мақаланың авторы

«Абай мерейтойы туралы», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Қазақ әдебиеті» газетінің 1940 жылғы 5 қаңтардағы санында жарияланған. Абайдың туғанына 95 жыл толуы қарсаңындағы мерейтой шараларын ұйымдастыруға байланысты ұсыныстар айтылады. Сонымен бірге мерейтой деңгейіндегі жазушы қауымы мен ғылым орындары атқаратын міндеттерге байланысты өз ойын ортаға салады. Бұл ретте ең алдымен Абайдың Семей қаласында келіп-кетіп жүрген екі үйімен қатар, ақын оқыған Ахмет Риза медресесінің ғимаратын еске салып, оған бір белгі қою керектігін, ақын зираты тұрған Жидебай қыстауын мұражайға айналдырып, Ақшоқыдағы қыстауын да сақтау қажеттігін, Абай қабіріне мрамор тас қойып, ерекше қамқорлыққа алуды мәселе етіп керсетеді. Осы шаралармен бірге Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісіндегі тың жүмыстардың ең ауқымды бөлігі ретінде Семейдің архивін, жандарал, ояз кеңселерінің, облыстық, ояздық соттар архивін тексеру Абай туралы көп мағлұматтар беретіндігіне, Дала генерал-губернаторының орналасқан орталығы - Омбы қаласының мұрағатын да зерттеуге зор үлкен мән берген. Мұрағаттардағы Абай туралы мәліметтерді іздестіргенде, жалғыз ғана «Құнанбаев» деген фамилияны ғана қарастырмай, ақынның Өскенбаев болып жазылуы да мүмкін екендігін еске сала кетеді. Ибраһим Құнанбаев жайындағы істі зерттей отырып, Абайдың туыстарымен дос та, қас та болған адамдардың істерін қарастырудың ақын өмірбаянын жете білуге көмегін тигізетіндігін ескертеді.

Абайдың Е.Михаэлис, Н. Долгополов, Гросс сияқты орыс достарының да істерін, Семей облыстық, қалалық анықтамалықтары мен тағы басқа түрлі баспасөз және статистика материалдарын зерттеуді, бұларда Абай атының әбден кездесіп қалу мүмкіндігін баса айтады. Осы ұсыныстарынан басқа Семей қаласы мен ауыл-ауылда Абайды көрген замандастарынан ақын жайлы білгендерін сол қалпында жазып алудың үлкен септігі тиетіндігін еске салады. Бул жұмыстарды Семей облысы ғана емес, бүкіл ғылыми және әдеби қауым жұмыла істегенде ғана, мерейтойдың нәтижелі өтетіндігін пайымдайды. Мақала Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағының 15-томында жарық көрді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абай мерейтойы туралы (мақала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}