Абай елі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абай елі», альбом-шежіре. Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай 1994 ж. «Өнер» баспасынан шыққан. Алғы сөзі мен суреттерге берілген түсініктер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған. Альбомның қүрастырушысы С. Оразалинов. Кеңесшілері Қ. Мұқаметханов, К. Оразалин, А. Гаркавец. Арнайы фотосуреттерін түсірген В. Якушкин. Ұлы Абай туған Шыңғыстау өңірі мен Семей қаласының табиғат керіністерін, тарихи ескерткіштерін оқырманның кез алдына келтіреді. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына байланысты көптеген фотосуреттер бар. Алғы сөзде Мұхтар Әуезов туралы деректер келтірілген. Ағылшын тіліндегі бөлім алды­на Мұхтар Әуезовтің портреті берілген (суретші С. Мәмбетов, 1967). Альбомда Мұхтар Әуезовтің шығармаларына қатысты Еңлік пен Кебектің өмірінің соңғы күндерін өткізген үңгір, Нысан абыз бейіті, «Қорғансыздың күні» әңгімесінде суреттелген Күшікбай асуы, «Абай жолы» роман-эпопеясында суреттелген көптеген табиғат керіністері көз тартады. Мұхтар Әуезовтің туып өскен жері Бөрілі, Мұхтар Әуезовтың ондағы мұражайы, оның ішкі көріністері, Қанай ауылы, Мұхтар Әуезовтің Н. Нұрмүхамедов салған (1962) портреті бар. Жазушы өмірінің әр кезеңін бейнелейтін суреттер топтамасы ез алдына бір болек. Мұхтар Әуезовтің Алматыдағы мұражайынын ішкі керінісі (жұмыс бөлмесі), И. Исабаевтың «М. Әуезов өз кейіпкерлерінің ортасында» (1967) атты графикалық еңбегі бар. Альбом көлемі 36,5 баспа табақ, таралымы 25 мың дана.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абай елі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}