Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы


Қазақстан Республикасындағы ірі кітапханалардың бірі - Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы. Кітапхана облыстың қалалық және аудандық балалар кітапханалары үшін әдістемелік орталық болып табылады.

Тарихы

Облыстық балалар кітапханасы 1953 жылы №1 орта мектептің 50 шаршы метр шағын ғана бөлмесіңде орналасқан еді. Алғаш рет құрылғанда кітапханада 1720 оқырман, 13 мың дана кітап қоры бар болатын. Қазіргі таңда кітап қоры 180 мың данаға жеткен. 17 мыңнан артық оқырман күн аралатып өзінің сүйікті кітапханасынан кітап алады. Кітапханаға 1954 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың есімі беріліп Бұқар жырау, данғылындағы, көп қабатты ғимараттың бірінші қабатына орналастырылды. Жарты ғасырдан аса уақыт ішінде талай өмір асуларынан өткен кітапхана бүгінде қасиетті шаңыраққа айналған. 1954 жылдан бүгінгі күнге дейін кітапхана қабырғасында көптеген қызықты іс-шаралар өтті. Соның ішінде Қазақстанның жазушылары, мәдениет және қоғам қайраткерлері кітапханада қонақта болды. Атап айтар болсақ: Б.Соқпақбаев, Ж.Бектұров, Р.Сейсенбаев, Қ.Исабаев, Қ.Жұмаділов, Е.Елубаев, Ж.Қашқынов, Ө.Ахметов, Т.Бейсембек, С.Жанысбай, Е.Пономаренко. және шетел балалар жазушылары А.Барто, Уте Краузе жас оқырмандармен кездесіп кітаптарына қолтаңба жазып кітапханаға сыйлық ретінде берді.

Кітапхананың директорлары

Балалар кітапханасы жылдан жылға қазіргі заманғы талапқа сәйкес кеңіп, жетілді. Кітапхана қызметкерлері кәсіби деңгейде, оқырмандарға қызмет көрсету, іздену, жылдам таңдау және сапалы ақпаратты қолдана білуді үйренді. Осындай дәрежеге жетуіміз кітапхананың іргетасы қаланғалы еңбек еткен директорлардың қажырлы еңбегі.

ХХI ғасыр кітапхананың жаңа сапалы даму дәрежесіне көтеруілімен ғаламдық Интернет желісінің және кітапхана жұмысында ақпараттық технологиялар енгізумен ерекшеленді.

  • 1993 жылдан бастап алғашқы Pentium-2 компьютері қолданды.
  • 2000 жылы кітапхана Интернет желісіне қосылды, қазіргі күні кітапхана оқырман – балаларға Интернет желісін еркін пайдалануға қол жеткізуіне барлық мүмкіндіктер жасап отыр.
  • 2003 жылы кітапханада мультимедиялық бөлім ашылды.
  • 2006 жылы кітапханалық веб-сайты (www.odb-abai.kz) құру ойдағыдай жүзеге асырылды. Сайт қазақ, орыс және ағылшын тілдеріңде қызмет көрсетеді.
  • 2006 жылы кітапханада «Кітапхана 5.4» бағдарламасы енгізілді. Осы бағдарлама бойынша каталог құрудың кезеңі басталды.
  • 2008 жылдан бастап электронды балалар кітапханасы «Бар әлем балалар кітабында» атты бағдарлама бойынша жұмыс жүргізілуде;
  • 2011 жылдың қыркүйек айынан «ИРБИС64» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргіземіз.

Кітапхана үшін бүгінгі күнгі көкейтесті мәселе «ИРБИС 64»-ті толық енгізу, электронды басылымдар жасау және интернет ресурстарын дамытып насихаттау.


Оқырмандарға көрсетілетін қызметтер

Кітапхана балалардың рухани қажеттерін қанағаттандыруға мүмкүндік туғызып, Тәуелсіз елдің тәрбиелі де білікті азамат болып қалыптасуына зор ықпал жасай отырып қаладағы барлық орта мектептермен, бала-бақшалармен және «Құлыншақ», «Таңшолпан» балалар үйлері, Қарағанды облыстық мектеп – интернаттарымен, қаланың балалар құқығын қорғау Департаменті, облыстық мұражаймен, ұлттық-орталық, мәдени орталықтарымен шығармашылық байланыс орнықтырған. Қазіргі заманға сай оқырмандардың ойын ұшқырлайтын әдеби-кеш, дөңгелек үстел, кездесу кеш, байқау, интеллектуалдық ойын, портрет-кеші, оқырман-конференциясы, слайд-шолу, әдеби-қонақжай ұйымдастырылып бұқаралық ақпарат беттерінде материалдар қазақ және орыс тілдеріңде жарық көреді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтап, дамыту үшін кітапханада үйірмелер жұмыс істейді. 2005 жылдан бастап 0-4 сынып оқушыларына арналып «Ақылды кітап, қағаз және қарындаш» атты үйірме жұмыс жасайды. Үйірме отырыстарында балалар оқыған кітаптардан алған пікірлерін шығармашылық жұмыстарында көрсетеді. «Кел, қазақша сөйлесейік» - атты үйірмеге қазақ тілін жақсы меңгергісі келетін балалар жиналады. Балаларға сөйлеу тілін дамытуға көмектесіп, қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстырады. Өнер туралы әдебиеттер секторында 2012 жылдан бастап «Өнер мен өрлеу» атты үйірме жұмысын жасауда. Мақсаты балаларға қазақ елінің өнері туралы әдебиеттерді насихаттап, өнер тарландарының шығармаларымен таныстыру. Кітапханада 5-9 сынып оқушыларына арналып ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында 2008 жылдан «Абай жүрген ізбенен» атты клуб жұмыс істейді. Клубтың сабақтары әр тоқсанда 2 рет өтеді. Бұл шағын қоғамдастық арқылы абайтанушылармен, Қарағанды қаласының ақын-жазушыларымен кездесу кештері және «Абай оқулары» тұрақты түрде өтіп тұрады.


Кітапхана қорынан

Қай замандада кез-келген кітапхана өзінің қорын мақтан тұтады. Біздің кітапхана солардың қатарында: «Құнды және сирек кітаптар», «Автордың қолы қойылған кітаптар», «Кішкентай көлемді (миниатюрный) кітапшалар» топтамалары кітапхананың ерекше мақтанышы болып табылады. Олар:

  • XIX ғ. соңы XX ғ. ортасындағы басылымдар - М. Лермонтовтың 2 томдық «Шығармалары» 1882 жылы шыққан; Ф.М. Достоевскийдің «Записки из мертвого дома»1888 жылғы және т.б.
  • қазақ ақын, жазушыларының шығармалары; «Қазақстан» (1940ж.) көркемдік очерктер жинағы; Жамбыл Жабаевтың «Шығармалар жинағы» 1946 жылы жарық көрген, ақынның 100 толуына арналған мерейтойлық басылым; «Абай» (1948ж.) Мұхтар Әуезовтың көзі тірісіңде жарық көрген басылым және т.б.
  • миниатюрлық кітапшалар - Жамбыл Жабаевтың «Ұлы заң»; Роберт Бернстің «Песни, балллады, стихи»; А.Пушкиннің өлендер жинағы және т.б. басылымдар.
  • автордың қолтаңбалар басылымдары - Ж.Бектұров; Л.Мельникова; С.Жанысбай; В.Литвинов, Т.Бейсембек, С.Жанысбай, Е.Пономаренко, У. Краузе т.б. автордың қолтаңбалар басылымдары.


КММ "Абай атындағы Облыстық балалар кітапханасы"

Сілтеме

Үлгі:Commonscat