Абай Бөлекпайұлы Тасболатов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Abay Tasbolatov.jpg
Абай Бөлекпайұлы Тасболатов
Абай Бөлекпайұлы Тасболатов (21 қыркүйек, 1951, Ақжар ауданы) — Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан қолбасшысы, генерал-лейтенант. Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Ресей Федерациясының Әскери ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі.
Қысқаша өмірбаяны
- Алматы жоғары жалпы әскерлік командалық училищені бітірген.
- Мәскеу қаласындағы Ф.Э. Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген.
- 1969 ж. бері — Қарулы Күштер қатарында.
- 1973—97 жж. Алматы жоғары жалпы әскерлік командалық училищесінде курсант взводы командирінен училище бастығына дейін жоғарылады. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің бөлім бастығы болып қызмет атқарды.
- Қазақстан Республикасы Әскери академиясының бастығы болып тағайындалған.
- 2002 ж. қаңтардан бастап Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарды
- 2006 ж. қаңтардың 21-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Абай Тасболатов Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан Қолбасшысының лауазымына тағайындалды.
- 2012 жылдан Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты.
- 11 қыркүйек 2015 жылдан - Қазақстан Парламенті Мәжілісі төрағасының бірінші орынбасары.
Марапаттары
- II дәрежелі «Даңқ» ордені
- III дәрежелі «КСРО Қарулы Күштері қатарындағы қызметі үшін» ордені
- «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі
- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері.
Сыртқы сілтемелер
Санат:
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 21 қыркүйекте туғандар
- 1951 жылы туғандар
- Ақжар ауданында туғандар
- Тарих ғылымдарының докторлары
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің төрағасының орынбасарлары
- Қазақстан әскерилері
- Республикалық Ұлан қолбасшылары
- Қазақстан вице-министрлері
- Даңқ орденінің иегерлері
- КСРО Қарулы күштері қатарында Отанға қызметі үшін медалінің иегерлері
- Жауынгерлік еңбегі үшін медалінің иегрелері
- Қазақстан генерал-лейтенанттары
- Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткерлері