Абайтану дәрістерінің дерек көздері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Абайтану дәрістерінің дерек көздері», Әуезовтің зерттеу еңбектеріне негізделген оқу құралы. Құрастырған және алғы сөзін жазған - М. Мырзахметұлы. Жинақта Әуезовтің бұрын жарияланбаған Абай мұрасы туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен көркем туындылары, олардың әр түрлі қолжазба нұсқалары, тезистері, шашпа пікірлері, баяндамалары мен сөйлеген сөздері, хаттары 8 тарауға бөлініп берілген. Кітаптың соңында қолжазбаларға арнайы берілген түсініктемелер бар. Оқу құралында Әуезовтің абайтану ғылымының негізін салу жолындағы мол мұрасы қамтылған. Кітап студенттерге, әдебиетшілерге, жалпы оқырмандарға арналған. Көлемі 25 баспа табақ, таралымы мың дана.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub