Абайдың өнері һәм қызметі (мақала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абайдың өнері һәм қызметі», Мұхтар Әуезовтің мақаласы (Турағұл Құнанбаевпен бірге). Алғаш рет 1918 жылы «Абай» журналының 2-санында жарық көрді. Соңына «Екеу» деп қол қойылған. Бұдан кейін 1995 жылы осы журналдың біріккен 1-2-санында қайта жарияланды. Әуезов шығармаларының 50 томдық толық жинағының 1-кітабына енгізілді. Мақала - абайтану саласында авторлар жазған тұңғыш ғылыми еңбек. Онда ұлы ақынның шығармалары мен өміріне шолу жасалған. Үлгі:Start citation «Абайдың берік бағыт ұстап, оны ақылға, адалдыққа, көңілдің шабытына билеткен, көз тұнарлық мін мен кемшіліктің қалың ортасында жүрсе де, бәріне ашық көзбен қарады, барлық кем-кетікті мүлтіксіз суреттеді. Шалымды қиялын, терең ойын, ақыл-білімін туған халқының көкірек көзін оятуға жұмсады. Абайдың ақындық өнері әр тараулы, сегіз қырлы болды. Ол тараулар мыналар: мінез тузететіндік (ахлақ), тереңнен толғайтындық (пәлсәпа), сыншылдық (критика), суретшілік(художественность)), жүректің мұң-зарын, сырынтапқыштық (лирика), ащы тілділік, ызалық пен күлетін (сатира) һәм керемет переводшиктік» Үлгі:End citation деп, авторлар ақынның поэзиясына өрнектер мен нақыштарды мысалға келтіреді, біраз өлеңдерін талдайды, философиялық көзқарастарына назар аударады.

Абайдың көп өнерінің бірі - аударма. Бұл салада да ол ешкімге дес бермеген. Кейбір өлеңдерді қазақ тіліне аударғанда, түп нұсқадан да артық шыққан. Үлгі:Start citation Орыстың әдеби болған толғаулы, ырғақты, нақысты бай тілімен жазылған сөздерін қазақтың кедей, дөкір тілімен ұғымды, мағыналы, терең, тілге жеңілдетіп тәржімалап, шын ұсталық танытқан зерттеушілер. Ал кей жерлерде сөздің мағынасын ғана алып, қазақ ұғымына ыңғайлап, сырт пішінін өзгерткен, еркін кетіп, кейбір өленді өз өлеңінен асырып, түрлентіп жіберген. Бұған «Теректің сыйы» мен «Онегиннің хатын» мысалға алады авторлар. Авторлар енді Абайды бұрынғы ақындармен салыстырады да, таразы басының салмақты жағын ұлы ақынға телиді. Өйткені ол:

  • біріншіден, мінезді мінеп, мінді айтып, адамшылыққа жөн сілтеді, бұрынғы ақындардың ұстанған бетін тастап, тыңнан жол салды;
  • екіншіден, қазақ тілін шындап түрлеп, керекке жаратты, түзеді, поэзияға өзгеше тур енгізді.

Қазақ әдебиеті ілгері басып, өрлейтін болса, Абайдың бұл қызметі әдебиетімізге негіз қалап, келешекте өрлеуіне туғыр болмақ, ол сөйтіп өзіне мәңгілік ескерткіш орнатып кетті». Үлгі:End citation деп ой түйеді, тұжырым жасайды мақала авторлары.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абайдың өнері һәм қызметі (мақала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}