Абайдың өмірі мен шығармашылығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абайдың өмірі мен шығармашылығы», Әуезовтің мақаласы. 1945 жылы ұлы ақынның 100 жылдық мерейтойына байланысты Қазақстан жазушылар одағының арнайы пленумында жасаған баяндамасы. Әуезовтің «Абайтану дәрістерінің дерек көздері» жинағында орысша нұсқасымен қоса жарық көрді. Баяндамашы: Үлгі:Start citation «Өсер ұрпақ, келер дәурен, туар тарих қауымына ақын арнап кеткен мұңды, сырлы бір сәлем, наз сәлем осы еді» Үлгі:End citation деп бастап, Абайдың өміріне, туып-өскен ортасына шолу жасай келіп, ақынның бітім-кескінін, тарихтық тұлғасын танытатын ерекше қасиеттеріне тоқталған.

  • Бірінші ерекшелігі - әкенің ұлы болмай, халықтың ұлы болып, адамгершілік, гуманистік жолды таңдады. Мұны ісінде де, өлеңдерінде де ақтап шығуды арман етті.
  • Екінші ерекшелігі - ел билеген жуандардан іргесін аулақ салып, бірден халықты, соның мұңын тапты, жоғын берер жаңалықты іздеді, сондай үлгіні өнерлі елден, орыс халқынан іздеді, тапты. Оған туған халқының қолын жеткізуді мақсат тұтты.
  • Үшінші ерекшелігі - биік ақындығын әлеуметтік тартысқа, тарих құралына айналдырды. Соқыр надандықты табандап ұрып, тура нұсқап, көзіне шұқып, жермен-жексен етіп, батыл шабуыл жасады. Қазақтың қоғамдық тарихында, әдебиет дуниесінде осындай ерекше жан бурын-соңды болған жоқ.
  • Төртінші ерекшелігі - өзі үшін, елі үшін іздегенін тапты, тапқанын, тудырғанын ұстаздыққа жұмсады, өсер ақынды тәрбиеледі, жаңа әдебиеттің, классикалық әдебиеттің негізін қалады, сөйтіп әдебиетке басшы, халыққа қамқор қайраткер болды.


Ұзақ жылдар бойы асыл ойдың үздіксіз жемісі болған ақын мұрасы - Қазақ халқының көп ғасырлық қасиетін бойына жиған, ерекше бір қазынасы сияқты деп, дана Абайдың рухани мұрасының үш үлкен түп-төркіні барын атап көрсетеді.

  • Алғашқысы - қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауызша әдебиет қоры. Абай осы қордан көп нәр алып, өз өлеңін көркейтті.
  • Екінші - араб, парсы, түркі тіліндегі Шығыстың классикалық көркем поэзиясынан сусындады.
  • Үшінші - үлкен нәр, мол азық алған зор саласы - орыс халқының мәдениеті, сол арқылы қолы жеткен Еуропа мәдениеті. Әуезов бұдан соң Абайдың бұл үш қазынаға еліктеп бармай, оларды ой елегінен өткізіп, қорытып пайдаланды дейді. Кезінде А. Пушкин ескі антик әдебиетінен, орта ғасыр мәдениетінен, Батыс әдебиетінен үлгі алған еді, ендеше Пушкин де, Абай да өз елінің әрі ұлттық, әрі халықтық ақындары болды деп ой қорытады зерттеуші.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абайдың өмірі мен шығармашылығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}