Абайдың өмірбаяны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абайдың өмірбаяны», Мұхтар Әуезовтың мақаласы. Мұхтар Әуезов ғұмыр бойы қазақ ақындарының ғылыми өмірбаянын жазуға айрықша мән берумен бірге, Абайдың ғылыми өмірбаянын 4 рет қайта жазып, оларды оқтын-оқтын жаңадан редакциялап, жетілдіріп отырған. Абайдың алғашқы өмірбаянын 1924-1927 жылдар ішінде жазып, ұлы ақынның қайтыс болуының 30 жылдығы қарсаңында - 1933 жылы жариялаған. Абайдың өмірбаянын жазудың оңай еместігін, өйткені ол жөнінде жазба материалдың сақталмағанын, соңғы толық жинақты әзірлеу үшін Семей облысына барғанын айтуына қарағанда, бұл мақаланы, ұлы ақынның 100 жылдық мерекесіне дайындық кезінде (1943 жылы) жазған сияқты. Бұл сапарында жазушы Семей, Алматы архивін ақтарып, Абайдың көзін көрген, дәмдес болған көнекөз адамдармен сөйлесіп, әңгімелеседі. Сөйтіп Абайдың толықтырылып, екінші рет жазылатын өмірбаянын жазуға материалдар жинаған. «Абайдың өмірбаяны» мақаласы Мұхтар Әуезовтің «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» кітабына енді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абайдың өмірбаяны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}