Абайдың тұңғыш толық жинағы (қолжазба)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абайдың тұңғыш толық жинағы», Мұхтар Әуезовтің қолжазбасы. Онда Абай шығармаларының 1933 жылғы басылымына енгізілген текстологиялық өзгерістер қарастырылған. Әуезов тұңғыш рет 1909 жылы Петерборда жарық көрген ақын өлендерінің мәтінін қайта қарап, кітап үстінен көп түзетулер енгізген. Өйткені Абайдың туғанына 95 жыл толуына байланысты, оның екінші толық жинағын баспаға даярлау барысында арнайы текстологиялық жұмыстар жүргізген. Мұндай түзетулер екі салада, екі сипатта орындалған:

  • Мурсейіт нұсқасындағы қалпы дұрыс, бірақ өріп терушілер тарапынан кеткен қателерді қалпына келтіру;
  • Абай өлеңдерінде бұрыннан орын алып келген кейбір текстологиялық олқылықтарды, мәтін өзгерістерін қалпына келтіру.

Түзетулердің бәрі жасыл сиямен қолжазбаның 206 жеріне түсірілген. Бұлар Абайдың келесі толық жинағында түгел түзетілді. Өзгерістер мөтіні Әуезовтің «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» жинағында бірінші рет жарияланды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абайдың тұңғыш толық жинағы (қолжазба)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}