Абайдың еңбектері (мақала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абайдың еңбектері», Мұхтар Әуезовтің мақаласы.

Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық «Социалистік құрылыс» газетінің 1945 жылғы 8 тамыздағы санында жарияланған. Абай шығармаларын қазақ халқының көп ғасырлық қасиетін бойына жиған ерекше қазына ретінде зерделеп, ақынның туған халқының және күллі адамзаттың өнер, ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп-төркіні, үш қайнар бұлағы бар екендігін жеке-жеке қарастырады:

  • Мұның біріншісіне қазақ халқының бағзы заманнан есте сақтап, дамытып келе жатқан ауыз әдебиетінен Абай көп нәр алып, сол арқылы өз поэзиясын көркейтумен қатар, өзіне дейінгі қурғақ насихатқа құрылған ақындар шығармашылығын қатты сынға алғандығын, ескі, зиянды әдеттерден арылып, жаңа қоғамды Еуропа мәдениетінен үлгі алуға шақырғандығын паш етеді, қоғамды қайта құру мен тәрбиелеу арқылы халыққа қызмет етуді өзі негізін салған жаңа поэзияның жоғары мақсаты, тарихи парызы екендігіне оқырман назарын аударады.
  • Екінші рухани қайнар бұлақ - Абайдың шығыс поэзиясымен байланысы да өзгеше болып, оған Фирдауси, Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули, Бабыр шығармалары қатты әсер еткендігін, сонымен бірге шығыс әдебиетінің кері бағыттағы ағымдарынан бас тартқандығын айта келіп:

Үлгі:Start citation «Aраб-мұсылман Шығысының әдебиетін де Абай өз шығармаларына тандап енгізгендігін» Үлгі:End citation тілге тиек етеді.

  • Ұлы ақын поэзиясының үшінші рухани нәрі - орыс және еуропа әдебиетін, орыс және еуропа әдебиетінің әсері нәтижесінде

Үлгі:Start citation «Абай қазақ поэзиясына өлеңнің жаңа түрлерін, жаңа тақырыптарын енгізді, жаңа әлеуметтік мазмұн берді. Бұның өзі қазақ поэзиясының сапасын ерекше арттырды» Үлгі:End citation деп, Абай поэзиясының Пушкин шығармашылығымен, Абай сатирасының Салтыков-Щедрин сатирасымен ұқсастық жақтарына талдау жасайды. Абайдың ірі ойшыл, талантты композитор ретіндегі еңбектеріне қысқаша топталып, Үлгі:Start citation «Қазақтың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, Қазақтың классикалық поэзиясының биік шыңы» Үлгі:End citation ретінде үлкен баға береді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Абайдың еңбектері (мақала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}