І (кирил)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Қазақ әліпбиі (кирил)

І, і — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.

Жіңішке, қысан, езулік дауысты дыбысты белгілейді. Сөздің барлық буынында жазылады. Бірінші буында еріндік дауысты кездессе, екінші буында «і» жазылғанымен, айтылуда «ү» дыбысталады. Мысалы, жазылуы - түлік, үкі; айтылуы - түлүк, үкү.

Сондай-ақ, сөз басындағы «р», «л» сонаттардың алдында жазылмағанмен, айтылуда олардың алдында «і» ілесіп айтылады. Мысалы, жазылуы - рет, лен; айтылуы - ірет, ілен.

Дауысты «і»-ге біткен сөзге «у» қосымшасы жалғанса, соңғы езулік «і» еріндік «ү» боп естіледі (кілкі+у - кілкүу; жазылуы - кілку) <ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref><ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 5 том</ref><ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref>.

Кодтар кестесі

Код Регистр Ондық
код
16-лық
код
8-дік
код
Екілік код
Юникод Бас 1030 0406 002006 00000100 00000110
Кіші 1110 0456 002126 00000100 01010110
ISO 8859-5 Бас 166 A6 246 10100110
Кіші 246 F6 366 11110110
KOI 8 Бас 182 B6 266 10110110
Кіші 166 A6 246 10100110
Windows 1251 Бас 178 B2 262 10110010
Кіші 179 B3 263 10110011

HTML жүйесінде бас әріп «І»-ні &#1030; немесе &#x406;, ал кіші «і» әріпін - &#1110; немесе &#x456; деп белгілейді.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Commons