Іш сүзегі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Іш сүзегі

Salmonella typhi және salmonella paratephi А және В қоздырғышымен шақырылатын, фекальді-оральді жолмен берілетін, ішектің лимфа аппаратының зақымдалуымен, бактериемиямен, айқын интоксикациямен бауыр мен көк бауырдың ұлғаюымен және розеолезді бөртпемен сипатталтын антропанозды жедел инфекция. Іш сүзегін алғаш сипаттап жазған француз дәрігерлері Ф.Бретанно (1813) және Ш.Луи (1829).

Этиологиясы

Қоздырғышы Salmonella typhi, salmonella para typhi А және В. Туысы – Salmonella, тұқымдасы-Enterobacteriaceal Құрамында:- термотұрақты самтоикалық О-АГ

  • термобильді талшығы бар Н-АГ
  • термобилбді соматикалық Vi-АГ
  • эндотоксин

Қоздырғышқа тән: сыртқы ортада тұрақты

  • топырақты және суда 1-5 айдай сақталады
  • нәжісте 25 күнге дейін
  • тағамдық азықты бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін
  • киімде 2 аптаға дейін сақталады

Аурудың қоздырғышы – бактериялар су және топырақта 2 аптадай, жемістер мен көкөністерде 5 – 10 күндей, сары май мен етте 1 – 3 айға, қыздырғанда 50С-қа дейін өз тіршілігін жоймайды. Тек қайнатқанда ғана өледі.

Эпидемиологиясы

Іш сүзегі кең таралған. Инфекция көзі және резервуарі:

  • ауру адам
  • транзиторлы бактерия тасымалдаушылар (1-3 апта бойы)
  • реконвалесцентті тасымалдаушы

Созылмалы бактериятасымалдаушылар- аурудың негізгі көзі болады. Тарау жолдары:

  • алиментарлы
  • су арқылы
  • тұрмыстық-қатынас арқылы

Ауру науқас адамнан, сондай-ақ бактерия тасушылар арқылы жұғады. Аурудың қоздырғышы қоршаған ортаға науқас адамның немесе бактерия тасушының зәрімен таралады. Адамның осы ауруды қабылдау мүмкіншілігі жоғары. Мерзімділігі жаз-күз айлары. Иммунитет: көбінде аурудан кейін ұзақ тұрақты иммунитет қалыптасады.

Патогенезі

Аурудың дамуы келесі кезеңдермен өтеді:

  • қоздырғыштың ауыз қуысынан, асқазанның қышқылды барьерімен өтіп, ащы ішектің пейер бляшкаларына және сопитарлы фолликуларына еніп көбеюі (бірінші көбею)
  • қанға өтіп, бактеремия токсинемия шақырады
  • паренхиматозды диссеминация (сүзектифозды граниулемалар түзілуі)
  • қоздырғыштың сыртқы ортаға шығуы (нәжіспен, зәрмен, қақырықпен, термен т.б.)
  • өт жолдары арқылы қоздырғыштың ащы ішекке қайталап келуі
  • аллергиялық реакциялар
  • иммунитет қалыптасуы мен аурудың соңы
  • сауығу

Патанатомиясы

Aйқын түрдегі өзгерістер мықын ішектің дистальді бөлігінде байқалады. Олар циклдық түрде өтуі:

  1. ми тәрізді ісіну (инкубациялық кезеңнің аяғынан басталып сырқаттың 1 аптасында қалыптасады)
  2. некроздану (сырқаттың 1 аптасының аяғын 2 апта бойы)
  3. ойық жаралардың қалыптасуы (сырқаттың 3-ші аптасында)
  4. ойық жаралардың тазалануы (4-ші аптада)
  5. ойық жаралардың жазылуы (тыртық қалдырмай,сырқаттың 5-6 аптасында)

Клиникалық жіктелуі

  • типті (жеңіл. Орташа, ауыр)
  • А типті
  • Жеңіл түрі:
    • жасырын
    • абортивті
    • амбулаторлы
  • Ауыр түрі:
    • пневмосүзек
    • менингосүзек
    • невросүзек
    • колоносүзек

Клиникалық көрінісі: Инкубациялық кезеңі 3-28 күнге дейін, орташа алғанда 9-14 күн. Типті түрінде инфекция біртендеп басталады. Негізгі клиникалық көріністері:

  • Қызба 39-40С-ке дейін көтеріледі, көбінесе тұрақты түрде (кейде дұрыс емес немесе ремиттирленген), ұзақтығы 2-3 аптаға дейін

Қызбаның 3 түрі байқалады:

    • Вундирлик қызба сызығы (трапеция тәрізді, тұрақты түрі)
    • Боткин қызба сызығы (толқын тәрізді)
    • Кюльдишевский қызба сызығы (баспағыш тәрізді)
  • Интоксикация: басының нақты ауруы, ұйқысының бұзылуы, адинамия, апатия, сананың тұмандануы, енжарлық. Орталық нерв жүйесі жағынан әртүрлі дәрежедегі тифозды статус белгілері (тежелу, көңілсіздік, мимикасының азаюы, кейде сандырақтау, елестету, ориентациялық бұзылуы)
  • Тері өзгерістері:

- бозару, бөртпе (аурудың 8-12 күндері, розеолезді бөртпе түрінде, аз мөлшерлі, көбінесе ішіне, кеуденің төменгі жағына шығу, 2-3 күн себелеп шығуы тән)

  • Ас қорыту жүйе бұзылыстары:
    • тәбетінің төмендеуі
    • тілдің ісінуі (шеттерінде тіс іздері айқын байқалады), ортасы қалың жабындымен басылуы
    • бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы
    • пальпация кезінде іштің оң жақ мықынында ішектің шұрылдауы
    • Падалка белгінің оң болуы (оң жақ мықын аймағында дыбыстың тұйықталуы)
    • нәжісі қалыпты, кейде ботқа тәрізді (тәулігіне 2-3 реттен аспайды)
  • Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары:
    • салыстырмалы брадикардия
    • АҚ төмендеуі (гипотония)
    • пульстің дикротиясы (реттік жұптап соғу)
  • Перифериялық қанның өзгерістері: 1-ай аптада шамалы лейкоцитоз, одан кейін лейкопения қалыптасады. Салыстырмалы лимфомоноцитоз, анэзлофилин тән

Асқынулары

  • спецификалық
    • ішектен қан кету (0,5-8,9%)
    • ішек перфорациясы (1,0-8,0%)
    • инфекциялы-токсикалық шок (0,5-0,7%)
  • спецификалық емес
    • пневмония
    • паротит
    • холецистит
    • отит т.б. қабынулар

Диагностикасы

Клиникалық белгілері мен эпидемиологиялық мәліметтері бойынша қойылған болжам диагноз келесі лабораторлы әдістер арқылы дәлелденеді:

  • бактериологиялық
  • гемокультураны бөлу (қызба кезеңінде – қанды өт қосылған ортаға себу)
  • нәжісті және зәрді қоректі ортаға себу (аурудың 2-ші аптасынан бастап). Диагностикалық маңыздылығы салыстырмалы
  • розеолалардан, сүйек миынан қоздырғышты бөліп алу. Ем сүзектің сирек кездесетін түрлерінде (пневмосүзек, менингосүзек) қоздырғышты қақырықтан, ликвордан да бөлуге болады.
  • маңыздылығы 100%
  • серологиялық әдістер (сырқаттың 2-3 аптасынан)
  • Видель реакциясы (агглютинация әдісі)
  • тура емес гемагглютинация реакциясы (ТЕГР)

Салыстырмалы диагностика келесі аурулармен жүргізіледі: грипп, бөртпе сүзек, Бриль ауруы, бруцеллез, инфекциялық мононуклеоз, Қу қызбаcыб лептоспироз т.б.

Емі

Тек қана ауруханада жүргізіледі:

  1. Күн тәртібі-қатаң төсектік. Қызба түскенге дейін 10-11 күнге дейін
  2. Диета 13 немесе 1-ші (асқынған кезде)
  3. Этиотропты ем
    1. левомецитин (0,5 тәулігіне 4 рет ауыз арқылы) немесе левомецитин сукуинат (1,0 х 3 рет б/е немесе тамыр ішіне)
    2. ампициллин )2 млн бірлік тәулігіне 1-6 рет)
    3. бисептол 480 )2д х 3 рет)
    4. ципрофлоксацин (500-750 мг х 2 рет, ауыр түрлерінде тамыр ішіне 200-100 мг тәулігіне 2 рет)
    5. афлаксации (400.800 мг х 2 рет)
  4. Дезинтоксикациялық ем ( гемодез, реополиглюкин т.б. сұйықтықтар 30-50 мл/кг салмаққа
  5. Витаминді препараттар
  6. Иммунды коррекция
  7. Клиникалық көрсеткіштеріне байланысты ем

Аурухадан шығару ережелері

Реконвалесценттерді қызба қалыптасуынан 21 күннен кейін шығарады. Шығарарда міндетті түрде бактериологиялық зерттеу жүргізіледі:

  • нәжіс, зәр (антибактериальды емдеуден 5 күн өте, 3 рет 5 күн ара)


Дереккөздер


af:Ingewandskoors als:Typhus ar:حمى تيفية bg:Коремен тиф br:Terzhienn-domm ca:Febre tifoide ckb:گرانەتا cs:Břišní tyfus da:Tyfus de:Typhus el:Τυφοειδής πυρετός en:Typhoid fever es:Fiebre tifoidea et:Kõhutüüfus eu:Sukar tifoide fa:حصبه fi:Lavantauti fr:Fièvre typhoïde he:טיפואיד (מחלה) hi:आंत्र ज्वर hr:Trbušni tifus hu:Hastífusz ia:Typhoide id:Demam tifoid io:Tifoido is:Taugaveiki it:Febbre tifoide ja:腸チフス kn:ವಿಷಮಶೀತ ಜ್ವರ ko:장티푸스 ku:Giraneta ky:Баш келте la:Typhus (morbus) lv:Vēdertīfs ml:ടൈഫോയ്ഡ് mr:विषमज्वर ms:Demam kepialu my:အူရောင်ငန်းဖျား ရောဂါ nl:Buiktyfus nn:Tyfoidfeber no:Tyfoidfeber pl:Dur brzuszny pnb:ٹائیفائیڈ pt:Febre tifoide ro:Febră tifoidă sh:Trbušni tifus si:ටයිපොයිඩ් උණ simple:Typhoid sk:Brušný týfus sr:Тифус sv:Tyfoidfeber sw:Homa ya matumbo ta:குடற்காய்ச்சல் te:టైఫాయిడ్ th:ไข้รากสาดน้อย tr:Tifo uk:Черевний тиф vi:Thương hàn zh:伤寒





Пайдаланылған әдебиет

<references/>

  • Қазақ энциклопедиясы, 10 том;
  • Патологиялық анотомия терминдерінің, орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
  • Жұқпалы аурулар. А.Қ.Дүйсенова. Алматы – 2009 жыл.
{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Іш сүзегі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}