Ішек инвагинациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ішек инвагинациясы - ішек өтімсіздігінің бір түрі. Ішек инвагинациясы алғаш рет 1674 жылы Barbette атымен аталған. 1834 жылы Wilson бірінші рет инвагинацияға хирургиялық ем жүргізген. 1876 жылы Hirschprung осындай әдісті ұсынған бақылауда анықталған. Инвагинация көбінесе 9-24 айлық балаларда кездеседі. Инвагинация мерзімдік ауру ол жазда, көктемде және қыстың ортасында болады. Осы мезгілде бала тексеріліп отыруы қажет. Инвагинация ішекке жасалған операциядан кейін 1% кездеседі.

Балалардағы ішек инвагинациясының этиологиясы белгісіз. Әсер ету факторларына: тамақтану режимінің бұзылуы, ішек аурулары, лимфаденопатия, іш жарақаты, полиптер, ішек ісігі, Меккель дивертикулы.

Инвагинацияға әкелетін анатомиялық себептер: тоқ ішектің жоғарылаған бөлігі мен соқыр ішектің патологиялық өзгерістері,илеоцекальды каналдың ақауы.

Патогенезі:

Инвагинацияның пайда болуы ішек перистальтикасының аяқ асты дискоординациясы. Бастапқы кезде странгуляционды ішек өтімсіздігі болады. Нәжіс басында шырышпен араласып бөлінсе асқына келе қанды транссудатпен араласып қарақат тәрізді, кейде желе тәрізді болуы мүмкін. Ісіктің күшеюі артериальды қанайналым және ішек гангренасын тудырады. Гангрена инвагинаттың бас жағынан басталып артқа қарай жайылады. Содан странгуляционды ішек өтімсіздігінен обтурационды ішек өтімсіздігіне ауысады. Балаларда құсудың әсерінен дегидратация дамиды. Ішектің ишемиясы мен некрозы ішектің перфорациясы мен сепсиске әкеледі. Ішек некрозы осы синдромға әкеледі.

Клиникалық ағымына байланысты классификациясы:

  • Жедел;
  • Созылмалы;

Локализациясы бойынша классификациясы:

  • Илеоцекальды бұрыштағы аймақтық инвагинация;
  • Жуан-жуан ішектік форма;
  • Жіңішке-жіңішке ішектік форма;

Диагностикасы:

Жалпы және биохимиялық қан анализдерінде өзгерістер болмайды, бірақ құсу, қан жоғалтқанда анемия, дегидратация, лейкоцитоз дамиды; Жалпы рентгенография – әрдайым көрсеткіш бере бермейді,дегенмен рентгенограммада жіңішке ішек ілмегінің кеңеюін,ішек фонында инвагинат көлеңкесін және Клойбера таяқшасы ішек өтімсіздігінің белгісі ретінде көрінеді; Компьютерлік томография – дифференциальды диагностика үшін қолданады; Ирригография ауамен- бұл негізгі диагностикалық әдіс болып табылады. Ауаның қысымы 50-60 мм рт. ст. аспау қажет. Ауа Ричардсона аппараты көмегімен енгізіледі. Егер перфорация немесе перитонит белгілері теріс болса контрастты иррография жасайды (урографин, верографинн, Триомбраст); Колоноскопия инвагинаттың басын қарайды,басында некроз болуы мүмкін;

Дифференциальды диагностика:

  • жедел дизентерия;
  • токсикалық диспепсия;
  • жедел аппендицит;
  • Меккель дивертикулының пептикалық жарасы;
  • жедел холецистит;
  • жедел панкреатит;

Емі:

Консервативті: Наркоз арқылы Ричардсон аппараты көмегімен ішекке ауа жіберу. Тік ішеке жіберілетін ауа қысымы 120 мм рт. аспау керек. Бақылау пальпациялау және назогастральды зонд арқылы жүргізіледі. Консервативті емнен кейінгі рецидив 5% құрайды.

Консервативті емге қарсы көрсеткіш:
1. Тік ішектен қан кету;
2. Рентгенограммадағы жіңішке ішек обструкциясы;
3. Ауру ұзақтығы 18 сағат болса;
4. 1 жастан асқан балаларда;
5. Дегидратация 5% жоғары болса;
6. Қайталанған инвагинация;
7. Инвагинат басының некрозы, колоноскопия кезінде анықталса;

Оперативті: Міндетті түрде 2-3 сағ операцияға дайындық жасалу керек. Хирургиялық ем лапароскопия және лапаротомия. Лапаротомия инвагинаттың түріне байланысты жасалады.

Дереккөздер

<references/> 1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том