Ірге

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Іргеүйдің не құрылыстың сыртқы қабырғасының төменгі бөлігі. Ол граниттен, құм тастан, тығыз бетоннан, т.б. дымқыл тартпайтын, су өткізбейтін материалдардан жасалады. Қазақ халқы киіз үй шеңберінің төменгі бөлігін І. деп атайды. Сондай-ақ үйдің артқы жағын да І. деп атаған. Суықта І-ге ши, “ірге“ киіз тұтса, аптап ыстықта туырлық етегін белдеу арқанға қыстырып, түріп қойған. Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге І-ден кірген жыланның басына ақ құйып, кері шығарып жіберген. Қазақтың отбасылық-неке ғұрпында әмеңгерлік бойынша қайтыс болған күйеуінің туыстарына барғысы келмей, бас еркін сұраған әйелді ақсақалдар “іргеден шығару“ салтымен шығарып салған. Мұндай жағдайда әйел күйеуінің мүлкінен үлес алмайды, тек өзімен келген жасауын ғана алады.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том</ref> ==Пайдаланылған cілтемелер== Б. Хинаят <references/>

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify