Іле артезиан алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Іле артезиан алабы, Қопа-Іле артезиан алабы – тектоникалық қозғалыстардан пайда болған тауаралық ойыс аумағында орналасқан жер асты сулы өңірі. Оңт-нен Іле Алатауы, солт-нен Жетісу (Жоңғар) Алатауы шектейді. Іле өз. мен Балқаш к-нің алаптарын қамтиды. Алаптың ауд. 27 мың км2, 450 км-ге созылған. І. а. а-ның қоректену аймағына тау өзендері ағынының бірсыпырасын сіңіріп алатын Кетпен жотасының, Іле Алатауының, Жетісу Алатауының тауалды баспалдақтары жатады. Алап ішкі дөңдер арқылы Қопа, Алматы, Жаркент аталатын екінші реттегі артезиан алаптарына бөлінеді. Шөгінділердің жиылуы неогенде, палеогенде, пермь-триаста басталған осы алаптардағы борпылдақ шөгінді тау жыныстарының қалыңд. тиісінше 600, 3200, 4500 м. Гидрокарбонатты кальцийлі және натрийлі тұщы грунт сулары антропоген, жоғ. неоген, бор, юра, триас шөгінділерінде жиылған. Бұлар бірнеше м-ден 3000 м-ге дейінгі тереңдіктерде кездеседі. Суы өздігінен құйылатын ұңғымалар тәулігіне 260 – 16500, кейбірі 560000 м3-ке дейін су береді. Суының темп-расы 11 – 100С және одан да артық болады. Су өткізбейтін тау жыныстары саналатын қалыңд. 2 мың м-ге жететін палеоген-төм. неоген саздарында иодқа, бромға, борға бай хлоридті, сульфатты, натрийлі тұзды және аса тұзды (5 – 54 г/л) сулардың қабаттары бар. Жер асты суларының минералдылығы мен темп-расы таудан басталып, алаптың ортасына қарай және тереңдеген сайын арта түседі (әр 100 м-ге 1,4 – 4С). Алаптың ғасырлық қоры 600 млрд. м3 шамасында, жыл сайын толығатын су мөлш. 35 млрд. м3. Барланған және есепке алынған тәуліктік қоры 5 млн. м3. Тұщы сулар Алматы, Қаскелең, Жаркент қалаларын және көптеген кенттерді ауыз суымен қамтамасыз етуге, жер суаруға пайдаланылады. Минералдық сулар базасында Алмаарасан, Түрген курорттары мен минералды суларды ыдыстарға құятын кәсіпорындар жұмыс істейді. Бор дәуірі қабаттарындағы термал суларын жылыжай шаруашылықтарын, бальнеол. кешендерді ұйымдастыру, елді мекендерді жылумен қамтамасыз ету үшін пайдалануға болады.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

Б. Жұматаев <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Іле артезиан алабы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}