Іздеудің биохимиялық әдісі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Іздеудің биохимиялық әдісі. Пайдалы қазбаларды геохимиялық тұрғыдан іздеу әдістерінің бірі; элементтер таралуының биохимиялық жатындарын анықтауға негізделген. Сөз болған мақсаттағы жүзеге асыру жолында төмендегі шаралар рет-ретімен іске асырылады:
- өсімдіктердің әр түрлі бөліктері сынамалар ретінде алынады;
- алынған сынамалар отқа жағылып, күлге айналдырылады;
- күлдер жан-жақты талдаудан өткізіледі (спектр көмегімен, химиялық тұрғыдан, колориметрлік тәсілмен, т.с.с.);
- талдау нәтижелеріне сәйкес, нақтылы элемент мөлшерінің қалыптан ауытқу, яки кларктан артық аймақтары белгіленіп алынады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің
түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify