Іздеудің атмохимиялық (газдық) әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Іздеудің атмохимиялық (газдық) әдісі. Газ, мұнай, қазба көмір, радиоактивті кен кенорындарын іздеу әдісі, таужыныстарда газды фаза түрінде шашыранды орналасқан элементтерді саралау шараларына негізделген. Бұл әдіс төмендегі ретпен жүзеге асырылады: іздеу ауданында 1:25000, 1:50000 масштабтарға сәйкес келетін (масштаб зерттелмек ауданның геологиялық кұрылыс ерекшелігімен анықталады) төрт бұрышты іздеу торабы белгіленеді. Торап торының қилысқан нүктелері шағын бұрғылар көмегімен 1,5-2 м тереңдікке шейін бұрғыланып, сол тереңдіктен "газалғыш" деп аталатын арнаулы аспап көмегімен топырақтың ауа сынамалары алынады. Осы ауа сынамалары құрамындағы көмірсутектік газ мөлшерлері анықталып, олар әдейі дайындалған геологиялық карталарға түсіріледі. Аталған газ мөлшерлерінің жоғары көрсеткіштерімен сипатталатын аудан анықталады, бұл дерек іздеу жұмыстарын одан әрі нақтылауға негіз ретінде алынады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Іздеудің атмохимиялық (газдық) әдісі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}