«Сауран айналған»
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
«Сауран айналған» - қазақ халқы тарихындағы қасіреттің (1723) аталуы. Ата-баба қонысынан, туған-туысынан, барлық байлық, мал-жанынан айырған 1723 жылғы қасіретті босу, казак халқында «Ақтабан шұбырынды» аталады. Бүл оқиға Ұлы жүз бен Орта жүзде «Алқакөл сұлама» деп аталса, Кіші жүзде оны «Сауран айналған» ауылы деп те атайды. Яғни бұл Кіші жүз руларының басқыншылыкқа ұшырап, соңынан түскен жауды адастыру мақсатында Сауран қаласын айналып өтіп, ауып кетуін білдіреді.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>
Дереккөздер
<references/>