«Пингвин» костюмі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Пингвин» костюмі

Ғарышкерлерге арналып жасалған резеңке тартпалардан тұратын «Пингвин» костюмы әр қоғалыс сайын эспандер сияқты әсер етіп, салмақсыздық жағдайында ғарышкердің көбірек жұмыс жасауына жағдай жасайды.Ғарыштық костюм салмақсыздықта адамға жердегідей жүк самақ түсіреді. Бұл костюм қарапайым болып келеді. Костюмның резеңкелері адамның қаңқасына салмақ салады. Салмақсыздық жағдайында бұлшықеттер өз тонусын жоғалтады және ғарышкерлер дене тұрысын тік ұстай алмай, денесін еркін, эмбрион сияқты ұстайды.Алайда, бұл бұлшықеттердің жұмыс істемеуіне әкелгендіктен, ғарышкер Жерге қайта оралған кезде қиын жағдайда болады. Осындай жағдай болмас үшін ғарышкер күнделікті екі сағат жаттығуы, ал сегіз сағат бойы «Пингвин» костюмын кем дегенде 25 кг салмақ түсіртіп киіп жүруі қажет. Бұрында жүк салмағын көбейту үшін резеңке тартпаларын жылжыту арқылы орындасақ, қазіргі кезде оны электроника арқылы басқаруға болады. «Пингвин» костюмы резеңке тартпаларынан тұрғандықтан, ғарышкерлер еңкею немесе тік тұруы үшін амортизатордың күшіне қарсы тұрады және сол арқылы өз бұлшықеттерінің бұрыңғыдай жұмыс істеуіне әсер етеді. Нәтижесінде ғарышкер әлсіз болғанымен де, сау болып Жерге қайта оралады. Өзінің екінші өмірін ғарыштық костюм Жерде де тапты. «Пингвин» костюмының негізінде қазіргі заманғы медицинада қолданылатын «Регент» костюмы жасалды. «Регент» қайта жүру мен кеңістікте бағыт алу керек болған жағдайда өте тиімді.Салмақсыздық жағдайында пайда болатын ауру белгілері инсульт кезіндегі белгілерге өте ұқсас болып табылады. Әсересе инсульт пен ДЦП- тен зардап шегетіндерге біршама көмектеседі. «Пингвин» костюмы дене тұрқынын тұрақтылығына жағдай жасайды. Мысалы,өз денесін тік ұстай алмайтын адамдарға костюм ішкі қаңқа қызметін атқарады. Бұл костюм дұрыс қозғалыс жасауға көмек береді, бұлшықеттерге жүк салмақ түсіреді және пациенттердің сөйлеуінің қайта қалпына келтіреді.

Дереккөздер

<references/>

  • "ЕвроМедика", 2008

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:«Пингвин» костюмі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}