«Мұғалім» журнал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Мұғалім» тұңғыш қазақ совет журналы. Ұлттар істері жөніндегі халық комиссариаты қазақ бөлімінің Бөкей бөлімшесі мен қазақ мұғалімдері кәсіподағының органы. 1919 ж. не бары 10 номері жарық көрді. Редакция алқасына Ғ. Қарашев, Ғ. Мұсағалиев, И. Меңдіханов, Ғ. Бегалиев т.б. енді. Журнал бүкіл қазақ халқына, халық ағарту қызметкерлеріне арналды. Ол Ұлы Октябрь революциясының идеясын, Компартия мен Совет ұкіметінің ұлт саясатын насихаттады, Қазақстанда оқу - ағарту ісін жолға қою және ұлттық әдебиет пен мәдениетті өркендету жайларын әңгімеледі, педагогика мен тәлім тәрбие мәселелерін көтерді. Журнал беттерінде Карл Маркс пен Ф. Энгельстің өмірбаяндары аударылып басылды, қазақ совет әдебиетінің алғашқы туындылары жарияланды.<ref>Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер