«Ел айырылған» оқиғасы
Ел айырылған - қазақ және ноғай халықтарының бір-бірінен бөліну оқиғасы. Қазақ тарихында 17 ғасырда сыртқы жаулар тарапынан болған шапқыншылықтың ауыр зардабы мен ішкі қырқыстың кайғылы заманы болды. Мейірімсіз хан халықты атамекенінен тықсы рып, қазақ пен ноғайды айырды. Қалмақ ханы Хо-Урлық шапқыншылығынаи соң ногайлар Жайық пен Еділдің арғы бетіне өтіп, қазақтар 1636 жылы оңтүстікке ығысады. Қазақтың өзі екіге бөлініп, Есім хан Түркістанды билесе, Тұрсын хан Ташкентке табан тіреді. Қазақтар мен ноғайладың жылап айырылысуы сол кезде дүниеге келген аңыз дастандарда, күйшілердің қобызда ойнаған күйлерінде өшпес ізін қалдырды. <ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify