«Адам-машина» диалогі
"Адам-машина" диалогі (Диалог "Человек-машина") — әр түрлі мәселелерді шешудегі адам мен компьютердің арасындағы ортақ процесс, яғни пайдаланушы мен компыотердің өзара ақпарат алмасуы. Оны үйымдастыру үшін арнайы программалық құралдар — диалогтық жүйелер пайдаланылады. Диалогтық жүйе адамнан немесе компьютерден келетін және дисплей экранында көрінетін мәтіндік немесе графиктік ақпаратгардың алмасуын жасақтайды. Графиктік ақпараттардың алмасуы кезінде диалогтық тілдердің үш типін: белгілі ережеге бағынған, кәсіптік икемделген және шектеулі табиғи тілді бөліп алады. Диалог сценарийі барлық диалогтық жүйелердің негізгі қызметін атқарады және онда бір хабардан екінші хабарға өтудің барлық ережелері көрсетіледі. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>