«Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы», монографиялық зерттеу. Авторы З. Ахметов. 1984 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген. Еңбекте «Абай жолы» эпопеясының кейбір поэтикалық мәселелері идеялық-көркемдік ерекшеліктері, кейіпкерлердін образдарын сомдау, сюжеттік композициялық құрылысы шығарманың жазылу тарихымен байланысты талданған. Мұнымен коса романның өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын автордың түпкі ойы, оның жүзеге асуы, көркемдік шындық пен тарихи шындықтың қабысып, жарасым табуы, тарихи тұлғаның образы, тарихты жасаушы халықтың релі жан-жақты қарастырылған. Сондай-ақ эпопеяның, оның жеке кітаптарының жариялану тарихы, қолжазбаның сақталған нұсқаларын ой елегінен өткізу, қазақша түпнұсқа мен орысша аудармасын салыстыру, Мұхтар Әуезовтің романда бірқатар көркемдік шешім табуына себепші бол­тан Абай шығармашылығы жөніндегі ғылыми-зерттеу еңбектерін талдау зерттеуші назарынан тыс қалмаған. Жалпы апғанда, монографияда көркемдіқ характер шындығы мен тарихи шындық, тари­хи тұлғаға Мұхтар Әуезовтың көзқарасы, эпопеядағы көркемдік-идеялық жүйенің бірлігі туралы мәселелерге баса кеңіл аударылған. Кітаптың жауапты редакторы 3. Кедрина, пікір жазған Е. Лизуно­ва. Көлемі 13,9 баспа табақ, таралымы 1500 дана.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:«Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}