ALEM (Ninety One)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:37, 2017 ж. наурыздың 24 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Музыкант Малік Батырхан Абайұлы, ALEM (18 ақпан 1993 жылы туған, Үшқұдық қаласы, Науаи облысы, Өзбекстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі және «Қазақстан Дауысы» атты жоба финалисті ретінде танымалдылыққа ие болды.

Өмірбаяны

Батырхан 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасы, Науаи облысының Үшқұдық қаласында дүниеге келген. Отбасында әкесі, анасы, ағасы және қарындасы бар. Отбасы Қазақстан Республикасы Қостанай қаласында тұрады.

Білімі

Ресей Федерациясындағы Челябі қаласында Мәдениет және өнер академиясын аяқтаған, сонымен қатар музыка мектебінің домбыра классында оқыған.

Қазақстан Дауысы

Батырхан Малік Қазақстандағы ең ауқымды «Қазақстан Дауысы» республикалық деңгейдегі вокалды телевизиялық шоу жобасының 1 маусымының финалисті. Батырхан жобаның «Көрмей тыңдау» кезеңінде The Mamas & the Papas тобының репертуарындағы «Dream a Little Dream of Me» әнін орындады. Төрт тәлімгердің ішінен Медеу Арынбаев пен Алмас Кішкенбаев бұрылады, таңдау Батырханға түсіп, ол Медеу Арынбаевты таңдайды.

Қазақстандық байқаулардан өзге Барселонада (Испания), Берлинде (Германия), Ресейде өткен халықаралық конкурстардың лауреаты.

Ninety One

Үлгі:Толық мақала Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының вокалисті. Топқа BALA-мен бірге JUZ Entertainment агенттігі жүргізген кастинг арқылы қосылды. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті.

Қызықты мәліметтер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Ninety One