Өтеу қоры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Өтеу қоры

Өтеу қорықоғамдық өндіріс үдерісін жаңартуға, үздіксіз ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге жұмсалатын тұтынылған құралдардың жиынтығы. Заттай нысаны бойынша және құны бойынша өтеу қоры ағымдағы еңбек шығынынан және еңбек құралдарының тозуы сомасынан құралады. Өтеу қорының құрылымы екі негізгі бөліктен тұрады:

  • еңбек құралдарындағы бір жыл бойына тұтынылған өндірістік негізгі қорлардың орнын толтыруға жұмсалатын бөлік оның құралу көзі – амортизациялық қор;
  • еңбек құралдарындағы тұтынылған айналым қорларының орнын толтыруға жұмсалатын бөлік. Бұл орайда өндірістік негізгі қорлар ішінара тұтынылып, ішінара істен шығып, өтеу қоры есебінен толық та (қайта жаңарту), күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу нысанында ішінара да қалпына келтіріледі.
    Айналым қорлары бір өндірістік цикл бойына толық тұтынылып, бір жыл ішінде бірнеше рет өтеледі. Өтеу қоры ұлғаймалы ұдайы өндірістің маңызды факторы болып табылады. Бұған табиғи және сапалық жағынан ескірген негізгі және айналым қорларын ауыстыру кезінде еңбек құралдары мен еңбек заттарын жаңарту, өндірістің қарқындылығы мен тиімділігін арттыру жолымен қол жеткізіледі.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Дереккөздер

С. Рахымжанұлы <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}