Өтен Ахметов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Өтен Ахметов - 1938 жыл 7 қараша Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт стансасы) - жазушы, драматург.
Мазмұны
Өмірбаяны
- Еңбек жолын Жезқазған руднигінде шахтада бастаған.
- 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, Қарсақпай поселкесіндегі орта мектепте үш жыл ұстаздық қызмет атқарды.
- 1967 жылдан бастап ұзақ уақыт баспасөз саласында еңбек етті. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Балқаш қаласы бойынша меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, Бас редакторы,
- Қарағанды облыстық телерадио-компания төрағасы
- республикалық «Азия-транзит» тәуелсіз саяси газетінің Бас редакторы
- Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды.
- 2005 жылдан бері Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.
- «Жетісу» телеарнасында «Кешкі сұхбат» хабарын жүргізеді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Шығармалары
Прозада
- «Алыптың адымы» атты тұңғыш очерк кітабы 1968 жылы
- «Алда күн бар» атты алғашқы повесі 1973 жылы жарық көрді.
- Одан кейін «Адам болғым келеді» (1975)
- «Алтын арқау» повестері (1977)
- «Қоңыр үй» (1982)
- «Заңғар» (1988)
- «Адасқан ғасыр» (2007)
- «Қарқаралы аруы» (2008) романдары шықты.
- «Сырдария» кітапханасы сериясымен 2009 жылы таңдаулы прозаларының I томдығы жарық көрген.
Сценарийлері
- «Қазақтелефильм» түсірген «Қарқаралы қыздары-ай» телевизиялық фильмі сценарийінің,
Пьесалары
- «Темірқазық»
- «Студенттер»
- «Кенесары
- Наурызбай»
- «Желтоқсан ызғары»
- «Бағдаршам»
- «Құрыш пен қоңыз» пьесаларының авторы.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Жетістіктері
- «Құрыш пен қоңыз» әңгімесі үшін республикалық «Балдырған» журналының (1977)
- «Заңғар» романы үшін (1989) Қазақстан Магниткасы жұмысшы бәйгесінің лауреаты атанды.
- Республикалық телефестивальдерде бас жүлдені үш дүркін жеңіп алған.
- «Жас қазақ үні» газеті өткізген бәйгеде (2004) «Шақшақ шерілі» әңгімесі жыл үздігі атанған.
- «Уақыт кімді жақтағы?» көсемсөзі (2006) «Отбасы және денсаулық» журналының бас бәйгесін иеленген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}