Өтен Ахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:02, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Өтен Ахметов - 1938 жыл 7 қараша Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт стансасы) - жазушы, драматург.

Өмірбаяны

  • Еңбек жолын Жезқазған руднигінде шахтада бастаған.
  • 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, Қарсақпай поселкесіндегі орта мектепте үш жыл ұстаздық қызмет атқарды.
  • 1967 жылдан бастап ұзақ уақыт баспасөз саласында еңбек етті. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Балқаш қаласы бойынша меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, Бас редакторы,
  • Қарағанды облыстық телерадио-компания төрағасы
  • республикалық «Азия-транзит» тәуелсіз саяси газетінің Бас редакторы
  • Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды.
  • 2005 жылдан бері Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.
  • «Жетісу» телеарнасында «Кешкі сұхбат» хабарын жүргізеді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Шығармалары

Прозада

  • «Алыптың адымы» атты тұңғыш очерк кітабы 1968 жылы
  • «Алда күн бар» атты алғашқы повесі 1973 жылы жарық көрді.
  • Одан кейін «Адам болғым келеді» (1975)
  • «Алтын арқау» повестері (1977)
  • «Қоңыр үй» (1982)
  • «Заңғар» (1988)
  • «Адасқан ғасыр» (2007)
  • «Қарқаралы аруы» (2008) романдары шықты.
  • «Сырдария» кітапханасы сериясымен 2009 жылы таңдаулы прозаларының I томдығы жарық көрген.

Сценарийлері

  • «Қазақтелефильм» түсірген «Қарқаралы қыздары-ай» телевизиялық фильмі сценарийінің,

Пьесалары

  • «Темірқазық»
  • «Студенттер»
  • «Кенесары
  • Наурызбай»
  • «Желтоқсан ызғары»
  • «Бағдаршам»
  • «Құрыш пен қоңыз» пьесаларының авторы.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Жетістіктері

  • «Құрыш пен қоңыз» әңгімесі үшін республикалық «Балдырған» журналының (1977)
  • «Заңғар» романы үшін (1989) Қазақстан Магниткасы жұмысшы бәйгесінің лауреаты атанды.
  • Республикалық телефестивальдерде бас жүлдені үш дүркін жеңіп алған.
  • «Жас қазақ үні» газеті өткізген бәйгеде (2004) «Шақшақ шерілі» әңгімесі жыл үздігі атанған.
  • «Уақыт кімді жақтағы?» көсемсөзі (2006) «Отбасы және денсаулық» журналының бас бәйгесін иеленген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}