Өндіргіш күштер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:10, 2015 ж. сәуірдің 11 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Өндіргіш күштер — қоғамдық өндіріс үдерісінің материалдық-заттай және адами факторларының жиынтығы. Өндіргіш күштер табиғат заттары мен күштеріне адамның белсенді қатынасын, табиғат байлықтарын тану, игеру, түрлендіру, дамыту және пайдалану дәрежесін білдіреді және жетекші өндіріс тәсілдерінің бірі болып табылады. Ең басты өндіргіш күштер – адам, өндіріске қатысушылар. Нақ осы адамның күш-жігерімен табиғат пен қоғам дамуының заңдары игеріледі, еңбек құралдары дамытылып, жетілдіріледі, жаңа машиналар, технология үдерістер, материалдар жасалады, өндірісті ұйымдастырудың неғұрлым дамыған нысандары дүниеге келеді. Материалдық-заттай факторлардың ішінде еңбек құралдарын дамыту өндіргіш күштерді жетілдірудің тарихи үдерісінде жетекші рөл атқарады.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Өндіргіш күштерді орналастыру

Өндіргіш күштерді орналастыру – 1) өндірістің заттай құрамбөліктері мен еңбек ресурстарының географиялық таралуы. Өндіргіш күштерді орналастыру өндірістің басым әдісімен, құрал-жабдықтарға меншіктің түрімен, аумақтық еңбек бөлінісінің ерекшеліктерімен, жеке аудандардың табиғи, экономикалық, әлеуметтік жағдайларымен, нақты өндіріс пен салалардың орналасу факторларымен анықталады; 2) өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс кәсіпорындары мен өндірістік инфрақұрылым және еңбек ресурстарының орналасуы жөніндегі процестер мен әрекеттердің жиынтығы. Бұл мәнінде "Өндіргіш күштерді орналастыру" ұғымы қоғамдық өндірісті аумақтық орналастыру ұғымына ұқсас деуге болады.<ref name="name">Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары[өңдеу]

Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары – пайдаланылу кезінде орналастарылған нысан мен аумақ арасында өзара қатынас байқалатын және ең соңында, таңдалған критерийлер мен қойылған мақсаттарға сай нысанның оңтайлы оқшаулануын анықтайтын әр мәнді ресурстардың жиынтығы. Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары ұғымын: өндірісті орналастыру факторлары және халықты қоныстандыру факторлары деп екі туынды ұғымға белуге болады

Өндіргіш күштердің орналасу түрлері

Өндіргіш күштердің орналасу түрлері – құрылымдық элементтерінің мөлшерлілігімен, сырт пішінімен, тығыздығымен және өзара байланыста орналасуымен сипатталатын экономикалық-географиялық түзілімдер; бұл сипаттары түзілімнің қызметтік сипаттарымен тығыз байланыста болады.<ref name="name"/>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}