Өмірбек Боранбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өмірбек Боранбаев(15 қараша 1950 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосы) - жазушы, драматург, актер.

  • 1973 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік өнер институтының театр факультетін бітірген.
  • Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде жауапты қызметтер атқарған.
  • 1985 — 1995 жылдары Республикалық эстрада-цирк училищесінің директоры болды.
  • 1978 жылы «Жалын» баспасынан «Өрімтал» атты әңгімелер жинағы жарық көрді.

Шығармалары

Драматург ретінде

  • «Оң жамбас...» (комедия)
  • «Дымың ішіңде болсын» (комедия)
  • «Бәрінен күшті — қорқақ көжек» (ертегі)
  • «Хан ием, Айкүн мен Тазша бала» (музыкалы қойылым)
  • «Қаңбақ шал» (ертегі)
  • «Сотанайдың соңғы үйленуі» (водевиль)
  • «Біздің ауылдың көктемі» (драма)
  • «Барға барсаң, байқап бар»
  • «Шәукен» (комедия)
  • «Көк бөрі» (мистикалық драма)
  • «Дүние жалған» (фарс) сияқты екі актілі пьесалар жазған. Бұл шығармалардың барлығы республика театрларында сахналанған.

прозасы:

  • «Өрімтал» әңгімелер жинағы (1978);

Рольдері

Әуезовтің «Еңлік-Кебек» спектаклінде Жапалдың, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» драмасында Жантық рөлдерінде, Б. Майлиннің «Жалбыр» спектаклінде қосалқы рөлде, Әуезовтің «Қарагөзінде» билер сахнасында ойнады.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Жетістіктері

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурстарының лауреаты (2003, 2007)
  • Орта Азия жаңа пьесалары фестивалінің Сертификат иегері (2006)
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік грант иегері (2007)
  • Қазақстан авторлар қоғамының драматургия саласының лауреаты (2008).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}