Әлжаппар Әбішев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:02, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Әбішев Әлжаппар.jpeg
Әбішев Әлжаппар

Әбішев Әлжаппар (15.10.1907 жылы туған, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы) — Қазақстанның Халық жазушысы (1985).

Тұңғыш әңгімелері “Завал” (1936), “Еңбек ері – ел еркесі” (1938) жұмысшылар өмірін суреттеуге арналған<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> . Ертеректергі шығармаларының бірі “Армансыздар” повесіне қазақ шаруаларының өмірін суреттесе, “Төлеген Тоқтаров” (1944), “Саржан” (1945), “Үлкен жолда” (1948), “Терең тамырлар” (1952), повестерінде, “Жас түлектер” (1945), “Сахара сәулеті” романында<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>, “Намыс гвардиясы” (1942, М. Әуезовпен бірігіп жазған), “Отан үшін” (1949), “Жолдастар” (1940), “Қырағылық” (1941), “Мен өлмеймін” (1948), “Достық пен махаббат” (1947) пьесаларында.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ халқының майдандағы, елдегі жанқиярлық қажыр-қайратын, олардың жеңіске деген сенімін шынайы көрсетеді. “Достық пен махаббат” пьесасы кезінде қазақ драматургиясына қосылған үлкен үлес ретінде бағаланды. “Бір семья” (1948), “Күншілдік” (1954), “Кім менің әкем?” (1957), “Белгісіз батыр” (1966), “Армандастар” (1966), “Сәкен” (1965), “Мансап пен ұждан” (1977), “Көлеңкелер қалай жоғалады” (1978), “Мәди” (1977), “Нұрлы жаңбыр” (1981), “Кәусар” (1982), “Ажалсыз адам” (1983), “Сәкен аманаты” (1987) пьесаларында адамгершілік, мораль тақырыптарын қозғады. “Найзағай” (1969), “Атыңнан айналайын” (1988) романдарына халық композиторы Мәдидің өмірі мен шығармашылық жолы өзек болды. “Шерлі шежіре” эссе кітабында қаламгер өзі көріп, куә болған заман тақсыретін, замандастарының мінез-құлқын өз көзқарасы елегінен өткізе отырып әңгімелейді.

Жазушының айрықша атап айтарлық табыстарының бірі – оның сан алуан тақырыптарға жазған драма шығармалары ұзақ жылдар бойы республика облыстық театрлары сахнасында үзбей қойылып келеді. Осынау толымды еңбегінің арқасында Әбішев қазақ театры ардагерлерінің бірінен саналады. Шығармалары шет тілдеріне аударылған. Әбішев Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, екі мәрте “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер:

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}