Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әйелдер консультациясы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш Гинекология» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

18:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Әйелдер консультациясы — әйелдерге жүкті кезінде, босанғаннан кейін және әйел ауруларымен ауырған кезде медициналық ақыл-кеңес және көмек беретін диспансер типтес мекеме. Әйелдер консультациясының міндеті-қыз-келіншектерге гигиеналық тәрбие беру; олардың келешекте ана болуына дұрыс жол сілтеп, осы жолда денсаулығына зиян келмеуін бақылау; ана мен бала денсаулығын сақтау мақсатымен жүкті әйелдерді ұдайы бақылауға алып, олардың аман-сау босануына жағдай туғызу; жүкті әйелдерді дер кезінде декретті демалысқа шығару; әйелдерге қажет болған жағдайда дәрігерлік көмек беру т.б.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1976 ж. 3-том, 28-бет </ref>

Дереккөздер

<references/>