Әжетке жарау
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әжетке жарау - баланың қолқабыс етуге, кішігірім шаруаға жұмсауға жарап қалған шағы.
Әдетте қазақ отбасында баланы 6 жасынан бастап қолға су құю, қозы-лақ қайыру, бесік тербету сияқты ұсақ-түйек жұмысқа баули бастайды. Баланың көмек беріп, қолғабыс тигізуі әжетке жарап қалғандығы болып саналады. Сондай-ақ, бала ғана емес, ересектер арасындағы қарым-қатынаста да бір-біріне септігі, жәрдемі тиген жағдайда бір әжетке жарадың де¬ген этикет арқылы ризашылығын білдіреді. Қазақы ортада категориялық сипаты бар бұл ұғым көбіне ұл балаларға қатысты айтыла отырып, дәстүрлі сенім-нанымға бай¬ланысты туындайтын ғұрыптарда көрініс береді. Атап айтсақ, көшпелі тірліктің қым-қуат қарекетімен кошіп-қону, жаугершілікте босу кезінде үйде, ауылда ересек ер адамдар болмаса ұл баланы еркек кіндікті ретінде «мал бауыздатқан»: ұл баланың қолына пышақ ұстатып әйел адам оның ту сыртынан қабаттай ұстап, бауыздау қанын шығарған. Ұл баланың әжетке жарап, елін қорғауы қауымның мүддесін қорғайтындығын ескере отырып жаугершілікте, ашаршылық кезендерінде ұл балаларды сақтап қалғандығы ауыз әдебиеті мен аңыздарда молынан ұшырасады <ref>Арғынбаев X. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи- этнографиялық шолу). Алма-Ата: Ғылым, 1973</ref>.
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әжетке жарау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}