Әбді Бошанұлы Тұрсынбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрсынбаев Әбді Бошанұлы (20 Тамыз 1910, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы – 4 Сәуір 1999, Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (1957), профессор (1958). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген қайраткері (1970).

Қысқаша өмірбаяны:

1928–1931 жылдары Алматы малдәрігерлік техникумында;
1931–1932 жылдары Ташкент жоспарлау-экономикалық институтында оқыған.
1937 жылы Мәскеу мемлекеттік экономикалық институтын бітірген;
1937–1943 жылдары Семей педогогикалық институтында проректор, қазіргі Атырау мұғалімдер институтында ректор, орта мектепте директор;
1945–1948 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университеті) кафедра меңгерушісі;
1948–1954 жылдары Алматы заң институтында кафедра меңгерушісі;
1956–1967 жылдары ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі;
1967–1977 жылдары Қазақ КСР-і «Білім» қоғамы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған.

1957 жылы «Қазақстанда колхоз құрылысының жеңуі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әбді Бошанұлы Тұрсынбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}