Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:21, 2017 ж. сәуірдің 4 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Ғалым Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдар (13 желтоқсан 1924 жылы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Талдыбұлақ ауылында туған) — ғалым. Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген ғылым қайраткері. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. Филология ғылымының докторы, профессор. Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті. Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері. Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы. Түркітану ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі.

Толығырақ

Еңбек жолы

  • 1954 – 1995 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында тіл бөлімі иниститутында
  • Ұйғыр-дүнген мәдениетінің секторында кіші ғылыми-қызыметкері;
  • Шығыстану иниститутында аға ғылыми-қызыметкері;
  • 1961 – 1963 жылдары Ұйғыр филология бөлімінің меңгерушісі;
  • 1967 – 1978 жылдары Директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары;
  • 1978 – 1995 жылдары Институт директоры т.б лауазымды қызыметтерін абыроймен атқарды;
  • 1995 жылдан осы иниститутың құрметті директоры.

Ғылыми шығармашылығы

Қайдар – жарты ғасыр бойы қазақ және ұйғыр тілдері мен жалпы және салыстырмалы түркітану мәселелерін зерттеумен шұғылданды. Оның жалпы түркітану ғылымына, оның ішінде, әсіресе, қазақ тіл білімі мен ұйғыртану саласына қосқан нақтылы үлесі мен сіңірген еңбегі жеке монография, оқулық, сөздік, жинақ, мақала түрінде 400-ден астам (жалпы көлемі 600 б.т.) ғылыми зерттеулерде көрініс тапты. Ғалымның тіл білімі саласындағы еңбектері былайша жіктеледі:

  • қазақ тіліне қатысты;
  • ұйғыр тіліне қатысты;
  • өзге тілдерге қатысты.

Қайдардың жалпы түркітану әлеміндегі, оның ішінде қазақ және ұйғыр тіл біліміндегі ғылыми бағыттары тіл білімінде қалыптасқан құрамдық салаларға сәйкес: 1) лексикология, 2) диалектология, 3) этнолингвистика, 4) тіл құрылысы, 5) түркітану және алтаистика, 6) ғылым тарихы; 7) тіл саясаты; 8) оқулық, т.б. болып бөлінеді. Сондай-ақ, лингвистика салалары мен оларға тікелей қатысты: сөзтану, этимология, ономастика, терминология, семасиология, фразеология, т.б. жеке тараулардан тұрады. Бұл тараулардан туындайтын тақырыптар (30-ға жуық), моносиллабтар құрылым-құрамы, синкретизм құбылысы, гомогенді омонимдер, плеоназмдар, қос сөздер, еліктеуіш сөздер (имитативтер), өлі түбір, сөзжасам үлгілері, фонетикалық заңдылықтар, әдеби норма, стиль, т.б. қамтиды. Қайдар қоғамдық қызметтегі қайраткерлігімен де танылды. Елдегі тіл саясатына белсенді араласып, қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде қолданылуына қатысты ой-пікірлерін үнемі білдіріп келеді.

Мемлекеттік Марапаттары

Ғылыми атақтары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}