Ұғымның айқындамасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ұғымдарды жалпылау және шектеу.

Ұғымды жалпылау деп киінгі көлемді болса да тар мазмұнды ұғымнан, үлкен көлемді болса да тар мазмұнды ұғымға ауысуды айтамыз. Мысалы, "Қазақ Мемлекеттік университеті" (А) ұғымын жалпылағанда "мемлекеттік университет" (В) болып шығады, ал соңғы ұғымды одан әрі жалпыласақ — "университет" (С) ұғымы шығады.

Ұғымдарды жалпылау шексіз жүргізіле бермейді, белгілі бір ғылымдар шеңберінде ғана жүргізіледі. Ұғымдарды жалпылау, олардың мейлінше кең көлемді категорияларын қамтуға дейін жүргізіледі. Мысалы, "материя", "сана", тағы басқа. Категориялар тектік ұғымға қамтылмайды, сондықтан оларды жалпылауға болмайды.

Жалпылауға қарама-қарсы операциялар шектеу операциялары болып шығады. Демек, ұғымдарды шектеу деп көлемі үлкен, болса да тар мағыналы ұғымнан, көлемі тар болса да мағынасы кең ұғымга етуді айтамыз. Мысалы, "мемлекет" ұғымын шектей келе, "Орталық Азиядағы мемлекет" ұғымып аламыз. Шектеудің шегі бұл жерде "Қазақстан" ұғымына барып тіреледі. Шеңберлік сызбаның көмегімен шектеу операциялары жалпылау операцияларындағыдай белгіленеді.

Ұғымдарды айқындау.

Ғылыми және практикалық іс жүзінде қарастырылып отырған затты өзге заттармен шатастырмай, терминдер мен сөздердің мағыналарын дәл ажырату үшін пайындалатын ұғымдардың мазмұнын ашу кажеттігі үнемі туындап отырады. Ұғымның мазмұны мен мағынасын тілмен өрнектеп ашық беретін логикалық операция айқындама (дефиниция — defintio — айқындау) деп аталады. Мазмұнын ашу қажет болып тұрған ұғым — айқындалушы ұғым, айқындалушы ұғымның мазмұнын ашып беретін ұғым — "айқындаушы ұғым деп аталады. Айқындаудың түрлері номиналды және реалды болып екіге белінеді. Номиналды ( Үлгі:Lang-la ) айқындау деп, сол айқындаудың өзіне сүйеніп, белгілі бір заттың сипаттамасының орнына жаңа термин (есім) енгізуді айтамыз. Сонда айналымды айқындау жазықтықтағы бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің геометриялық орны ретінде айқындау номиналды болып табылады. Заттың мәнді белгілерін ашатын айқындама "реалды" деп аталады. Қылмыс үстінде кінәланушының кінәсінің дәлелі ретінде айғақ ұғымының анықтамасы реалды болады. Айқындамалар айқын және айқын емес болып бөлінеді. Айқын анықтамаға затқа тән мәнді белгілерді тура көрсететін анықтамалар жатады. Олар екі анық көрініс беретін — анықтаушы және анықтаушы ұғымдардан тұрады.

Анықтау ережелері.

Анықтама мазмұны жағынан акикатты болып қана қоймай, сонымен қоса өзінін; құрылымы мен формасы жағынан да дұрыс болуы керек. Егер анықтаманың ақиқаттығы анықталушы заттың қасиеттеріне шындығында көрсетілген белгілерге сәйкестігімен шарттасатын болса, онда оның дұрыстығы логикалық ережелермен реттелетін заттың құрылымына тәуелді болады. Ондай ережелер төртеу:

  1. Анықтамалар шамалас болуы керек. Шамаластық ережесі анықталатын ұғымның көлемі анықтайтын көлемге тең болуын талап етеді: тиісінше, олар тең мағыналық қатынаста болуы керек: А = ВС. Бұл ереженің жиі бұзылуынан анықтамада логикалық қателерге орын беріледі. Ондай қателердің түрлері: а) кең анықтама, А < ВС жағдайында. Мұндай қатені "жылқы сүт көректі және ұмыртқалы жануар" деген анықтамадан көрсетуге болады (мұнда "жылқы" ұғымын "сиыр" немесе "ешкі" ұғымынан ажырату мүмкін емес); ә) тар анықтама, А > ВС жағдайында. Мұндай қате "өндіргіш күштерге еңбек құралдары, сонымен қоса біліктілігімен, еңбек тәсілдерімен адамдардың өздері де жатады" деген анықтамада кездеседі. (Өндіргіш күштерге еңбек құралдары ғана емес,барлық құрал-жабдықтар жатады.)
  2. Анықтамада шеңбер болуы керек. Егер ұғымды анықтау кезінде біз ез кезегінде алғашқы ұғым арқылы пайдаланып анықталатын ұрымды қолданатын болсақ, онда мұндай анықтамада шеңбер бар болып шығады. Мысалы, айналыс дегеніміз — біліктің айналасындағы қозғалыс, ал білік дегеніміз — айналасында айналыс болатын тұзу. Айналатын ұғымды қайталайтын анықтаушы ұғымы бар қате анықтама-тавтология анықтамадағы шеңбердің бір түрі болып табылады. Мысалы, математик — математикамен, тарихшы — тарихпен айналысатын адам.
  3. Анықтама анық болуы керек. Ол анықтама беруді қажет етпейтін, мәні күңгірт болмайтын, танымал белгілерді қамтуы керек. Бұл ереженің бұзылуы логикалық қателерге, белгісізді белгісіз арқылы анықтауға апарып соқтырады. Анықтаушы ұғымдар арасында метафоралар мен бейнелі теңеулерді емес, түрлі ғылымдарда анықталған ұғымдарды беру қажет. Метафора арқылы анықтама берудің мысалы ретінде "Архитектура қатып қалған әуен" дегенді келтіруге болады.
  4. Анықтама құптамайтын болмауы керек. Құптамайтын анықтама анықталатын ұғымның мазмұнын аша алмайды. Ол ұғымның қандай екендігін көрсетпейді, қандай емес екендігін көрсетеді. Оның мысалына "салыстыру — дәлелдеу емес" деген анықтаманы алуға болады.

Ұғымды бөлу.

Ұгымды бөлу дегеніміз — ұғымның көлемін ашып беретін логикалық әрекет. Ұғымның көлемін ашу дегеніміз — белінуші ұғымның көлеміне енетін қатар бағыныпты түрлік ұғымдарды көрсету. Мысалы, "Біздің ауылдың тұрғындары" деген ұғымды ұлттық елгісіне қарай бөлу керек дейік. Ауылымыздың тұрғындарының ұлтын біліп алып, біз оларды: қазақ, ұйғыр, татар, орыс, тағы басқа деп бөліп кереміз.

Белінуші ұғым — тектік ұғым. Бөлу нәтижесінде түрлік ұғымдар шығады; олар бөлудің мүшелері деп аталады. Бөлу жургізіліп отырган белгісі—бөлудің негізі деп аталады. "Біздің ауылдың тұрғындары" деген ұғым бөлінуан ұғым, бөлу негізі — ұлттық белгісі, ал бөлу мүшелері — бөлу нәтижесінде шыққан түрлі ұлттар жайлы ұғым. Бөлу дұрыс болып шығу үшін бөлу ережелері сақталуы кажет. Бөлудің төрт ережесі бар:

1. Бөлу шамалас немесе толық болуға тиіс. Мұның мәні — бөлу мүшелерінің жинағы бөлінуші ұғымның көлеміне тең болуға тиіс. Бөлу дұрыс болған жағдайда бөлу мүшелерінін жиынтығы бөлінуші ұғымның көлемінен артық немесе кем болып шықпайды. Бұл ереженің бұзылуынын салдарынан мынадай екі қатенің бірі шығуы мүмкін: не бөлу шамадан тыс кең немесе тым тар болады. Мысалы, бастауыш және орта мектеп оқушыларының, студенттердің және басқа оқушылардың үстіне мектеп жасына дейінгі балаларды қоссақ, онда "оқушылар" деген ұғымның бөлінуі шамадан тыс кең және сондықтан қате болып шығар еді. Егер біз оқушылардың біразын (мысалы студенттерді) көрсетпесек, онда "Оқушылар" деген ұғымның бөлінуі тым тар болып шығар еді.

2. Бөлу бір негіз бойынша және мәнді белгі бойынша жүргізілуі тиіс. Ұғымды бөлу үшін негіз ретінде бөлінуші ұғымның мазмұнына кіретін белгілердің кез келген біреуін алуға болады. Мысалы, "өзен" деген ұғымды мына төмендегіше бөлуге болады:

  • 1) кеме жүретін және кеме жүрмейтін (негізі — өзеннің кеме жүруге жарамдығы);
  • 2) ағыны шап- шаң жөне ағыны баяу (негізі — өзендегі су ағынының жылдамдығы);
  • 3) терең және таяз (негізі — өзеннің тереңдіғі); тағы басқа. Бір ұғымды белу үшін қай белгіні алсақ та, біз белу үдерісінде ол белгіні өзгертпеуіміз керек. Мұнымен бірге, бөлінуші ұғымның негізі ретінде біз тек мәнді белгісін ғана алатынымыз өзінен-өзі түсінікті. Егер біз қала халқы деген ұғымды ерлер, әйелдер және қарттар деп белсек, онда керсетілген ереже бұзылар еді. Мұнда екі белгі араласып кеткен: жыныс белгісі мен жас белгісі. Бөлу үшін негіз ретінде кездейсоқ бір белгіні алсақ, мысалы, адамдарды көңілді және көңілсіз деп белсек, онда қате болғанымен, бірақ бөлу мәнсіз болып шығар еді. Бөлудід негізі женіндегі бұл ереже бөлудің басты ережесі болып табылады. Бөлудегі қателердің көпшілігі осы ереженід бұзылуына байланысты болады.

3. Белу мүшелері бірін-бірі өзара тысқарылап тұруы керек. Бұл ереже осының алдындағы ережеден шығады: егер бөлу негізі дұрыс алынса, онда бөлу мүшелері де бірін-бірі тысқарылап тұрады, ал егерде дұрыс алынбаса, онда бөлу мүшелері тоғыса береді, бөлу дұрыс болмай шығады. Ұғымның дұрыс белінбеуінің мысалы: "Tic: күрек тістерге, сойдақ тістерге, азу тістерге және сүт тістерге бөлінеді". Мұнда бөлу мүшелері бірін-бірі тысқарыламайды, өйткені бөлу негізіне әр түрлі белгілер алынған. Енді бір мысал, "Соғыстар әділетті, әділетсіз, басқыншылық, дүниежүзілік болып бөлінеді" десек, бұл да дұрыс болмас еді, өйткені бір соғыстың өзі әділетсіз, өрі басқыншылық, әрі дүниежүзілік болар еді.

4. Бөлу секірмелі болмауы тиіс. Мұның мәні: ұғымды бөлген кезде алыс түрлерді алмай, ең жақын түрлерді алу керек. Табиғатты жануарлар, өсімдіктер және минералдар деп белу дұрыс болмас еді. Алдымен, "табиғат" ұғымын, органикалық табиғат және органикалық емес табиғат деп бөлу қажет те, соңынан барып, әрі қарай бөлу керек. Олай болмаған жағдайда, бөлу секірмелі болады. Осы айтылған төрт ереже бұзылмайтын бөлудің ең ыңғайлы түрі - дихотомиялық бөлу. Дихотомиялық, яғни екі мүшелі бөлу дегеніміз — бөлінуші ұғым бір-біріне қайшы екі ұғымға толығымен бөлінеді деген сөз. Мысалы, "Барлық кітаптарды оқулықтар немесе оқулык еместер" деп бөлуге болады. Бұл бөлу ережелерінің барлығына да сәйкес. Ол шамалас, негізі де біреу, бөлу мүшелері бірін-бірі тысқарылайды және бөлу секірмелі емес.

Ұғым және сөз.

Ұғым — сөзбен ажырамас байланыста болады. Ұғым керінісінің тілдік формасы — сөз және сөз тіркестері. Адамның ойлау қызметінде ұғым мен сөз бір-бірімен қабысқан байланыста болады. Алайда оларды теңестіру қателікке соқтырар еді. Ұғым — ойдың логикалық формасы, ал сезоның тілдік-грамматикалық көрінісі. Кейде бір ұғым әр түрлі сөздермен берілуі мүмкін (синоним сөздер). Сонымен қоса мағынасы бір болса да, қолданылуына қарай түрлі мағынада, түрлі ұғымдарды білдіретін омоним сездер де болатыны белгілі (мысалы, "кілт" сөзі). Ұғымдар "есім" деп аталатын сөздер мен сөз құрылымдарында бейнеленеді және бекиді. Қарапайым есімдер, мысалы "құқық", "заң", "аңғалдық", "қатысу", ал киын есімдер — "демократиялық заңдылық", "аса қажеттілік", "қоғамдық демократиялық өзін-өзі басқару" және тағы басқа осы ұғымдардың материалдық, тілдік негізі болып табылады, бұларсыз ұғымдар да, олардың жасалу амалдары да қалыптаспайды.

Сөздің ұғымнан айырмашылығы, ол барлық тілдерде әр түрлі: ал белгілі бір ұғым әр түрлі тілдерде де әр түрлі бейнеленеді. Сонымен қатар бір тілде де ұғым мен сөз тепетеңдігі болмайды. Мысалы, барлық тілде синоним сөздер мен омоним сөздер өмір сүреді.

Ұғымдар тек шынайылықты дұрыс бейнелесе ғана дұрыс ұғым болады. Егерде бір ұғым болмысты дұрыс бейнелемей, бұрыс бейнелесе, онда ұғымның жалған болғаны. Жалған ұғым, мысалы, теория мен практиканың байланысы бұзылғанда пайда болады. Дұрыс ұғымдар адамдардың еңбек әрекетінен, еңбек үдерісінде құралып шығады: ондай ұғымдардың болмыстағы нәрселер мен құбылыстарға сәйкестігі адамның практикасымен тексеріледі.

Айналадағы болмысты тани, біле отырып, адам нәрселерді бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табады; талдау және жинақтау арқылы нәрселердің мәнін ашып береді, ойша олардың белгілерін бөліп алады. Ол белгілерді абстракциялап, жалпылайды. Нәтижесінде адамда болмыста бар нәрселер мен құбылыстар туралы ұғым қалыптасады.<ref>Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-сыныбына арналған окулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ұғымның айқындамасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}