Ұлттық ақпараттық технологиялар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:20, 2016 ж. маусымның 17 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Компания

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік Қоғамы - электрондық үкіметтің базалық құрамдастарын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, енгізу және пайдалану жөніндегі жұмыстарға бастамашылық етуден аяқтауға дейін АТ-жобаларды басқару жөніндегі қызметтер көрсетеді.

«Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысымен сәйкес құрылды. Қоғамға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысымен ақпараттандыру саласындағы Ұлттық оператор мәртебесі берілді. «KZ жоғарғы деңгейлі домен тіркеушісі ретінде «ҰАТ» АҚ аккредиттеу туралы» Қазақстан АТ-компаниялар қауымдастығының 2012 жылғы 6 қаңтардағы №01-01-12-А бұйрығына сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ .KZ және .ҚАЗ жоғары деңгейлі домен тіркеушісі ретінде аккредиттеленеді. Сонымен қатар «ҰАТ» АҚ-на GOV.KZ және EDU.KZ аумағындағы домендік атауларды ресми тіркеу және қолдау көрсетуді жүзеге асыру құқығы берілді.

Жобалар

  • «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық пошталық жүйесі
  • Электрондық оқыту жүйесі
  • «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі
  • «Электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі
  • «Электрондық үкімет» порталы
  • Мемлекеттік органдардың интранет-порталы
  • «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйе
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін Ықпалдастырылған ақпараттық жүйе
  • Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе
  • «Электрондық үкімет» төлем шлюзі
  • «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйе
  • Серверлік орталық (Дата-центр)

Тарихы

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы 2000 жылғы 3 шілдеде құрылды.

«ҰАТ» АҚ құрылған кезеңінен бастап электрондық үкіметтің базалық компоненттерінжәне мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, енгізу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды бастамалаудан аяқтағанға дейін АТ-жобаларды басқару жөніндегі қызметтерді көрсетеді.

2008 жылдан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ационерлік қоғамы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің еншілес компаниясы болып табылады.

Компанияның басшылығы

Компанияның құрылымы

Директорлар кеңесінің құрамы