Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:39, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин (14 қазан, 1947 жыл, Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл кенті) — «„ҚазМұнайГаз“ Ұлттық компаниясы» АҚ экс-президенті, ғылым қайраткері. Техника ғылымдарының кандидаты (1985).

Өмірбаяны

  • 1970 ж. И.М. Губкин атындағы мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Мұнай мен газ кеніштерін игерудің кешенді механизациясы және технологиясы» мамандығы бойынша бітірді.
  • 1973 ж. — «Қазмұнайгазбарлау» басқармасы Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясының инженер-технологы (Атырау облысы)
  • 1974 ж. — Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтының шайылмалы ерітінділер, бұрғылау технологиясы зертханасының меңгерушісі (Атырау облысы)
  • 1981 ж. — Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (Атырау облысы)
  • 1988 ж. — «Каспиймаңыгеология» Бас аумақтық басқармасы тереңдей бұрғылау басқармасының бастығы (Орал қ.)
  • 1990 ж. — В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалының кафедра меңгерушісі (Атырау қ.)
  • 1991 ж. — ҚР Президенті Аппаратының және ҚР Министрлер кабинетінің өнеркәсіп бөлімінің аға референті (Алматы қ.)
  • 1992 ж. — ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің мұнай және газ бас басқармасының бастығы
  • 1994 ж. — ҚР Энергетика және отын ресурстары министрінің, ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары
  • 1997 ж. — «Қазақойл» ҰМК бірінші вице-президент (Алматы қ.)
  • 2000 ж. — «ҚазТрансГаз» ЖАҚ президенті (Астана қ.)
  • 2001 ж. — ҚР Энергетика және минаралды ресурстар вице-министрі (Алматы қ.)
  • 2003 ж. - «„ҚазМұнайГаз“ Ұлттық компаниясы» АҚ президенті (Алматы қ.)
  • 2008 ж. - "Маңғыстау мұнайгаз" АҚ бас директоры.
  • 2010 ж. - Қазақ мұнай және газ институтының президенті.
  • 2013 ж. - 4.08.2014 ж. - Қазақстан Респуубликасы мұнай және газ министрі.

Қосымша лауазымдар

  • «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» кафедрасы бойынша академиялық профессор (Атырау мұнай және газ институты, 2001 ж.).
  • ҚазҰТУ-дың құрметті профессоры (Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2004 ж.)
  • «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлі академияның академигі (ҚР ҰИА, 2004 ж.)
  • 40-тан астам мақала, кітап, 5 өнертапқыштық жаңалық авторы.

Марапаттары

  • 3-ші дәрежелі «Барыс» ордені (2005 ж.)
  • «Құрмет» ордені (2000 ж.)
  • «Отличник разведки недр СССР» белгісі (1988 ж.)
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2005 ж.)
  • «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006 ж.)
  • «Лидер российской экономики» ордені (2005 ж.)
  • «Қазақстан Республикасы құрметті жер қойнауын барлаушы» (2003 ж.) атағымен марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}