Үшінші симфония (Қожамияровтың симфониясы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:22, 2016 ж. қыркүйектің 7 кезіндегі Бегулы Отагасы (Талқылауы) істеген түзету

"Үшінші симфония" Қожамияровтың симфониясы (1981; Қазақстан Мемлекеттік сыйлық, 1984). Алғаш 1981 жылы Қазақ академиясының симфониялық оркестрі (дирижері Т.Мыңбаев) орындады. Симфонияда осы заман адамдарының бай рухани өмірі, дүниетанымы жарқын, жасампаздық пафоста шынайы көрініс табады. Шығарма 3 бөлімнен тұрады. Симфонияның 1-ші және 2-ші бөлімдерінде ұйғыр халық музыкасына тән дәстүрлі характердегі ән-би түрі басымырақ болса, шығарма финалы лирикаласы әуенге толы адажиомен алмасып, көпшілік билердің жігерлі де әсерлі ырғағынан құрылған. Мұнда уссулдың кеңінен колданылуы, монодиялық әуеннің және жеті баспалдақты диатоникалык халықтық ладтың басымдылығы, сондай-ақ, монотематизм (жеке тақырыптық) мен рондалық композиция - шығарманын мұқамға жақындығын айқындай түседі. "Үшінші симфонияның" драматургиясында еуропаның классикаласы симфонизмі мен шығыстың дәстүрлі музыкалық ойы (макомат) сәтті шендестіріліп жинақталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}